jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Алматыда Land Cruiser көлігі газ құбырына соғылып, жүздеген үй газсыз қалды

    Газ құбыры
    Газ құбыры. Көрнекі фото: pixabay.com

    Алматыда Toyota Land Cruiser Prado жол талғамайтын көлігі газ құбырын қағып, жүздеген үй газсыз қалды. Бұл туралы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол апаты 6 қарашада сағат 13:45-те Түрксіб ауданында болған.

    Toyota жүргізушісі айналма жолмен келе жатып, Желтоқсан саябағындағы газ құбырының металлдан жасалған тірегіне соғылған.

    Содан кейін көлік оңға қарай аударылған. Жол талғамайтын көліктің жүргізушісі мен жолаушысы медициналық көмекке жүгінген.

    Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтауда.

    Zakon.kz тілшілерінің QazaqGaz Aimaq компаниясына сілтеме жасап хабарлауынша, Toyota Land Cruiser Prado көлігі шамамен 10 метр газ құбырын зақымдаған, алты тірек деформацияланып, газдың далаға кетуіне себеп болған.

    653 абонент газсыз қалды.

    Алматыда Land Cruiser көлігі газ құбырына соғылып, жүздеген үй газсыз қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.