Алматыда жедел жәрдем жол апатына түсті: зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды
Опубликовано:
Алматының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері зардап шеккендердің қазіргі жағдайы туралы айтып, қаза тапқан адамға қатысты ақпарат берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының өкілдері KAZ.NUR.KZ тілшісіне жол апаты салдарынан жедел жәрдем қызметінің фельдшері қайтыс болғанын хабарлады.
"Бес адам зардап шекті. Өкінішке орай, фельдшерді құтқара алмадық. Қалған зардап шеккендер дәрігерлердің бақылауында, науқастардың бірі ауыр жағдайда жатыр", - делінген басқарма хабарламасында.
Басқарма өкілдері қаза тапқан медицина қызметкерінің жақындары мен әріптестеріне қайғыра көңіл айтты. Марқұмның отбасына қажетті көмек көрсетіледі.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/road-accident/2316075-almatyda-zhedel-zhardem-zhol-apatyna-tusti-oqys-oqigaga-qatysty-zhanga-derekter-shyqty/