jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Астана-Павлодар тас жолында жеті көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты (видео)

    Жол апатынан кадр
    Жол апатынан кадр: t.me/myastanacity

    Астана-Павлодар тас жолында ірі жол-көлік оқиғасы болды. Бірнеше көлік соқтығысуы салдарынан бір адам қаза тауып, екі адам жарақат алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Қазақстандықтар жол апатының видеоларын әлеуметтік желілерде жариялады.

    Ақмола облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 13 желтоқсанда Астана-Ерейментау-Шідерті тас жолының Павлодар бағытындағы 94-95 километрінде жеті көлік жол-көлік оқиғасына тап болды.

    "Алдын ала мәліметтер бойынша, жол апаты салдарынан екі адам әр түрлі жарақаттар алып, ауруханаға жеткізілді. Бір жолаушы оқиға орнында қаза тапты.

    Қазіргі уақытта бұл оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, оның нәтижелері бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады", - делінген полиция хабарламасында.

    Полиция департаменті мұндай оқиғалардың алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушылар, әсіресе көлік қозғалысы көп жерлерде жылдамдық шектеулерін сақтауы және көліктерінің техникалық жағдайын бақылауы керек екенін еске салды.

    Астана-Павлодар тас жолында жеті көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.