Маңғыстауда йогурт тиелген жүк көлігі аударылды: жүргізуші тауарды тегін таратты
Опубликовано:
Читать на русском
Маңғыстау облысында жүк көлігі аударылған жерде түсірілген видео желіде таралды. Жүргізуші жол-көлік оқиғасынан кейін тиелген йогуртты тегін таратып жіберген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Желіде жол-көлік оқиғасы болған жерде түсірілген видео тарады. Онда Маңғыстау облысында йогурт тиеген жүк көлігі аударылып қалғаны және жүргізуші өнімді алғысы келгендерге тегін таратып бергені айтылған. Кадрлардан кей адамдар көліктерінің жүксалғышын йогурт қораптарымен толтырып жатқанын байқауға болады.
Маңғыстау облыстық полиция департаменті NUR.KZ тілшісіне жол-көлік оқиғасы болғанын растады.
"Жүргізуші көлікті игере алмай, жолдан шығып кетті. Жүк көлігі аударылып қалды. Жүргізушіге қатысты хаттама толтырылды. Зардап шеккендер жоқ", - деді департаменттің баспасөз қызметі өкілі.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/road-accident/2320890-manggystauda-iogurt-tielgen-zhuk-koligi-audaryldy-zhurgizushi-tauardy-tegin-taratty/