"Сараптаманы күтіп отырмыз": Шавкат Рахмоновтың жұбайына қатысты жол апаты ісіне ішкі істер вице-министрі пікір білдірді
Опубликовано:
Читать на русском
Мәжіліс кулуарында ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов Шавкат Рахмоновтың жұбайына қатысты апат ісі жақын арада сотқа жолданатынын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
"Жол-көлік оқиғасына қатысты іс аяқталуға жақын. Осы аптада сот-медициналық сараптаманың қорытындысын аламыз деп күтіп отырмыз, содан кейін күдікті тұлғаның әрекеттеріне баға беріп, прокуратура арқылы сотқа жібереміз", - деді ішкі істер вице-министрі.
Айта кетейік, бұған дейін дәрігерлер жол апатынан зардап шеккен Шавкат Рахмоновтың әйелі мен ұлының жағдайы туралы мәлімет бергенін хабарлағанбыз.
Еске сала кетейік, 28 шілдеде желіде Жамбыл облысында болған жол апатының видеосы жарияланған еді. Жазбада "көлікті белгілі қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың әйелі жүргізді" деген ақпарат тарады. Полиция бұл ақпаратты ресми түрде растамады – олар көлікте болғандардың жеке деректерін жариялаған жоқ.
Алайда адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша іс қозғалған. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз