jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Астанада көктайғақ салдарынан жолаушылар автобусы жол-көлік оқиғасына тап болды

    соғылған автобус
    Жол жиегіндегі қоршауға соғылған автобус. Фото: t.me/astanovka98

    Астанада қоғамдық көлік жол-көлік оқиғасына тап болды. Автобус жүргізушісі көктайғақ салдарынан рульге ие бола алмай қалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық полицияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Telegram-дағы Astanovka98 арнасы автобус апаты болған жерден фото жариялады. Куәгерлердің айтуынша, автобус Ұлы Дала мен әл-Фараби қиылысында жол жиегіне соғылған.

    NUR.KZ тілшісі Астана полиция департаментінің баспасөз қызметіне оқиғаға қатысты сауал жолдады. Олар апаттан ешкім зардап шекпегенін хабарлап, қосымша мәлімет берді.

    "Ұлы Дала даңғылымен жүріп келе жатқан Higer қоғамдық автобусының жүргізушісі көктайғақ салдарынан рульге ие бола алмай, металл қоршауға соғылды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ", - делінген хабарламада.

    Естеріңізге сала кетейік, бүгін Астанада қар аралас жаңбыр жауады деп болжанды, күндіз ауа температурасы +2°C, ал түнде -3°C болады деп күтілуде. Қала әкімдігі өкілдері жаңбыр жаууына байланысты барлық коммуналдық қызмет күшейтілген режимде жұмыс істейтінін мәлімдеді. Әкімдіктегілер тұрғындар мен қала қонақтарын қауіпсіздік ережелерін сақтауға, жолда және тротуарда өте сақ болуды ескертіп, қолайсыз ауа райы жағдайында алыс сапарға шығудан бас тартуға шақырды.

    Сонымен қатар бұған дейін Астана - Қарағанды автожолы ауа райына байланысты жабылғаны, ал елордада көктайғаққа байланысты қоғамдық көлік қозғалысы қиындағаны туралы хабарланды.

    Елорда әуежайы жолаушыларға қолайсыз ауа райына байланысты рейстер кешіктірілетінін және тоқтатылатынын ескертті.

    Астанада көктайғақ салдарынан жолаушылар автобусы жол-көлік оқиғасына тап болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.