jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Алматы облысында үндістандық екі студент жол апатынан көз жұмды: полиция мән-жайды айтты

    жол апаты
    Оқиға орнынан кадр: instagram.com/kris__p__almaty

    Алматы облысы аумағында тас жолда көлік аударылды. Жол апаты салдарынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Полиция департаментіне сілтеме жасап.

    Instagram желісіндегі kris_p_almaty парақшасында тас жолда жол апаты болған сәтте куәгер түсірген видео жарияланды. Кадрға көліктің өртке оранғаны, сондай-ақ жарылыс болып жатқаны ілінген.

    Алматы облыстық полиция департаменті NUR.KZ тілшісіне Алматы - Бішкек тас жолының 86-шы шақырымында болған жол-көлік оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

    "Алдын ала мәліметтер бойынша, Toyota Alphard көлігінің 33 жастағы жүргізушісі рульді игере алмай қалып, көлік аударылып кеткен.

    Апат салдарынан жүргізуші алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. Кейінірек екі жолаушы медициналық мекемеде қайтыс болды, ал тағы үшеуі түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды", - деді полиция өкілдері.

    Қазіргі уақытта оқиғаның толық мән-жайын анықтау үшін барлық қажетті тергеу іс-шарасы жүргізілуде.

    Үндістанның Қазақстандағы елшілігінің хабарлауынша, жол апатына түскен Үндістанның бес азаматы. Ведомствоның мәліметінше, оқиға орнында екі адам көз жұмған, үш адам жансақтау бөлімінде.

    Алматы облысында үндістандық екі студент жол апатынан көз жұмды: полиция мән-жайды айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.