Павлодар облысында екі жеңіл көлік соқтығысып, бес адам зардап шекті
Опубликовано:
Павлодар облысында жол апатынан бес адам зардап шекті. Зардап шеккендерге ТЖМ апаттық медицина орталығының бригадасы шұғыл көмек көрсетті, деп хабарлайды ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
ТЖМ-ның мәліметінше, бүгін Қызылорда – Павлодар автожолында, Шідерті кентінің маңында жол-көлік оқиғасы болған.
Оқиға орнына ТЖМ апаттық медицина орталығы трассалық медициналық-құтқару пунктінің бригадасы жедел келген.
Екі жеңіл көліктің соқтығысуы салдарынан бес адам зардап шеккен. Апаттық медицина орталығының мамандары төрт адамды тексеріп, олардың екеуі Екібастұз қаласындағы ауруханаға жатқызылған.
Екі адам медициналық көмек көрсетілгеннен кейін ауруханаға жатудан бас тартқан. Тағы бір зардап шегушіні 103 қызметінің мамандары тексерген.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/road-accident/2339010-pavlodar-oblysynda-eki-zhengil-kolik-soqtygysyp-bes-adam-zardap-shekti/