jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Жүргізушінің жүрегі тоқтап қалған: Алматыдағы әл-Фараби даңғылында бес көлік соқтығысты

    әл-Фараби даңғылы
    Әл-Фараби даңғылы. Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

    Алматыдағы әл-Фараби даңғылында автобус пен бес көлік жол апатына ұшырады. Жүргізушінің жүрегі тоқтап қалғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Алматы полиция департаментіне сілтеме жасап.

    Алматыдағы әл-Фараби даңғылында автобус пен бес көлік жол-көлік оқиғасына тап болды.

    Алматы полиция департаментінің мәліметінше, оқиға Бостандық ауданында сағат 11:30-да тіркелген.

    "BYD көлігінің 1975 жылы туған жүргізушісі әл-Фараби даңғылымен батысқа қарай келе жатып, жағдайының күрт нашарлауына байланысты сол бағытта қатар жүріп бара жатқан бес көлікке соқтығысты.

    Көліктердің арасында Chevrolet, Ford, Subaru, Volkswagen және Yutong бар. Алдын ала мәліметтер бойынша, ер адам өзін нашар сезінген. Алдын ала диагноз – жүрек жеткіліксіздігі. Оның жүрегі тоқтағаны анықталды", - делінген ведомство хабарламасында.

    Жүргізушінің жүрегі тоқтап қалған: Алматыдағы әл-Фараби даңғылында бес көлік соқтығысты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.