jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Павлодар облысында жаяу жүргіншілер жолағында баланы көлік қағып кетті

    жаяу жүргінші жолағы
    Жол. Көрнекі фото: pexels.com

    Павлодар облысында жаяу жүргіншілер жолағында баланы көлік қағып кетті. Ол алған жарақаттарынан ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Павлодар облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

    Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, кәмелетке толмаған жаяу жүргінші алған жарақаты салдарынан ауруханада көз жұмған, жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалды.

    "Алдын ала мәлімет бойынша, 6 ақпанда Кенжекөл ауылының тұсында JAC автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінде жаяу жүргіншіні қағып кетті. Автокөлік арнайы тұраққа эвакуатормен жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы мен себебі тергеу барысында анықталады", - деп хабарлады департамент өкілдері.

    Полиция департаменті мұндай оқиғалардың алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушыларға, әсіресе көлік қозғалысы көп жерлерде жол қозғалысы ережелері мен жылдамдық шегін қатаң сақтау, көліктерінің техникалық жағдайын бақылау және ауа райының өзгеруін ескеру маңызды екенін еске салады.

    Павлодар облысының балалар құқықтары жөніндегі уәкілі Сәуле Шәкенева Instagram желісіндегі парақшасында апатқа қатысты пікір білдірді. Ол облыс әкімі Асаин Байхановпен қала әкімі Хасар Хабылбековке үндеу жасады.

    "Ауыр қайғы. Балаңнан айырылудан асқан қорқынышты ештеңе жоқ. Қайғылы жағдайдың алдын алуға болар еді. Бұл адамдар сізге бірнеше рет жүгінген екен және оларға мұнда бағдаршам орнатудың қажеті жоқ деген жауап келген, міне бүгін бала қайтыс болды.

    Мен сізге Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл ретінде сөйлеп тұрмын. Мен жолдың осы бөлігін балалар үшін қауіпсіз етуді сұраймын, талап етемін. Осы жерден күніне шамамен 100 бала бірнеше рет өтеді. Ауыр жүк көліктері мен жеңіл көліктер жылдамдықты асыра жүреді, бұл тіпті ересектер үшін де қауіпті өткел.

    Баланың өлімі басқалардың қауіпсіздікті сезінуі үшін төленген өтем деп ойламаймын", - деді Шәкенева.

    Павлодар облысында жаяу жүргіншілер жолағында баланы көлік қағып кетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.