jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Ақтөбе облысында жол апатынан төрт адам мерт болды

    Автөкөлік айнасы
    Автөкөлік айнасы. Көрнекі фото: Рexels.com

    Ақтөбе облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты. Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, деп хабарлайды өңірлік ПД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Полицияның Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланған мәлімет бойынша, жол апаты Қарғалы ауданында болған.

    "Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Ақтөбе–Орск автожолында Opel маркалы жеңіл автокөліктің жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып, DAF маркалы жүк көлігімен соқтығысқан.

    Жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен үш жолаушысы оқиға орнында көз жұмған", - делінген хабарламада.

    Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр, оқиғаның мән-жайы мен себебі анықталуда.

    Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, қауіпсіз жылдамдықты таңдауға, сондай-ақ қарсы қозғалыс жолағына шығуға жол бермеуге шақырады. Полиция мұндай әрекеттер көбіне ауыр зардаптарға әкеп соғатынын еске салады.

    Ақтөбе облысында жол апатынан төрт адам мерт болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.