Алматыда жаяу жүргіншілер жолағында баланы көлік қағып кетті: жүргізуші оқиға орнынан бой тасалаған
Опубликовано:
Читать на русском
Алматыда жүргізуші көлік көп жүретін қиылыста баланы қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кетті. Полиция кінәлі адамды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Оқиға туралы Instagram желісіндегі kris__p__almaty парақшасы жазба жариялады. Хабарламаға сәйкес, кеше, 12 қаңтарда, сағат 11:05-те Сейфуллин мен Райымбек даңғылдарының қиылысында 15 жастағы баланы көлік қағып кеткен. Бейнежазбадан баланың жаяу жүргіншілер жолағы арқылы көшені кесіп өтіп бара жатқанын көруге болады.
"Ер адам көліктен түсіп, оған: "Қар басып қой, ауырмайды" деді. Соққан көлік жүргізуші балаға көмек көрсетпей, оқиға орнынан қашып кетті. Бала ауруханада", - деп жазады автор.
Зардап шеккен баланың туыстары тергеу өте баяу жүріп жатыр деп санайды және іс созылып, қараусыз қалуы мүмкін деп қорқады. Сондықтан олар оқиға куәгері болған адамдардан көмек сұрап отыр.
Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне беймәлім көлік жаяу жүргіншіні қағып кеткенін және кінәлі адамның оқиға орнынан бой тасалағанын растады.
"Әкімшілік полиция басқармасының іздеу бөлімі қазіргі уақытта жүргізушіні іздестіруде. Алмалы аудандық полиция басқармасы жол апатын тексеруге кірісті", - деді қалалық полиция департаментінің баспасөз хатшысы.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз