jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Жамбыл облысындағы тас жолда автокөлік аударылды (видео)

    аударылған көлік
    Аударылған көлік. Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

    Жамбыл облысы Отар ауылының маңында жеңіл автокөлік аударылды. Құтқарушылар жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендерге көмек көрсетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ТЖМ-ға сілтеме жасап.

    Ведомство мәліметінше, оқиға Қордай ауданындағы Отар ауылынан бір шақырым жерде болған.

    Апат орнына жедел жеткен ТЖД қызметкерлері құтқару жұмыстарына дереу кіріскен. Көлік ішінде жарақат алған үш адам болған.

    Өздігінен қозғала алмай қалған бір адамды құтқарушылар зембілге мұқият салып, жедел жәрдем көлігіне дейін жеткізді.

    "Құтқарушылардың үйлесімді іс-қимылының арқасында ЖКО-ға ұшыраған үш адам да уақытылы шығарылып, одан әрі ауруханаға жатқызу үшін медицина қызметкерлеріне табысталды", - делінген хабарламада.

    Жамбыл облысындағы тас жолда автокөлік аударылды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.