Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Авторлар
Алия Абсеметова

Алия Абсеметова

Автор

Өмірбаяны

Білімі

2005 жылы "Тұран Астана" университетін "Халықаралық Экономист" мамандығы бойынша тәмамдаған.

2016 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін "Журналистика" мамандығы бойынша бітірген, әлеуметтік білім бакалавры.

2021 жылы Өтемісов атындағы БҚМУ - "Мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығы бойынша бітірген, экономика ғылымдарының магистрі.

Еңбек жолы

Еңбек жолын 2000 жылы аудиторлық компанияда референт лауазымында бастаған.

Әр жылдары түсті бөлу операторы, дизайнер-беттеуші, дизайн бөлімінің басшысы, жарнама агенті, модератор, шығарушы редактор, бас редактор, жекеменшік ЖШС басшысы болып қызмет еткен.

NUR.KZ-ке 2016 жылы келді.

2018 жылы Uzyn.kz желілік басылымын ашты, онда 2021 жылдың қаңтарына дейін бас редактор болып жұмыс істеді.

2021 жылдың 15 қаңтарынан 2023 жылдың 19 қаңтарына дейін — AMANAT партиясының партиялық тізімі бойынша, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VІІ шақырылымының депутат болып сайланды, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі.

2023 жылдың 13 маусымынан бастап - Астана қаласы "Нұра" ауданы әкімінің орынбасары.

Профиль

Әлеуметтік тақырыптарда, соның ішінде, ауыр диагнозы бар балаларға көмек беру бағыты бойынша материалдар жазады.

Марапаттары мен жетістіктері

2019 жылы "Шапағат" медалімен, сондай-ақ 2019 жылы "Деде Горгуд" халықаралық қоры мен Azərbaycan dünyası журналы құрған Mehriban Ana орденімен марапатталған.

Байланысу