Білімі
Абай ат. Қазақ ұлттық педагогикалық университетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша бітірген.
Төмендегі жобаларға қатысқан:
- журналистикада кәсіби дағдыларды қалыптастыру бойынша шеберлік сыныбы;
- "БАҚ-та нашақорлық, есірткі бизнесі, АИТВ және ЖИТС проблемаларын жариялау" семинары;
- дін мәселелерін жариялау және діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша ақпараттық және оқыту тренингі.
2020 жылдың қазан айында Freedom Finance Life компаниясының "Жеке қаржыны қалай басқаруға болады" онлайн-курсын өтті.
2022 жылдың көктемінде Freedom Academy ұйымдастырған инвестициялық тақырыптағы бірқатар вебинарларға қатысты.
2022 жылдың қараша айында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының "Зейнетақымен қамтамасыз ету саласындағы қаржы журналистикасы мектебі" онлайн-семинарына қатысты.
2022 жылдың қараша айында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің "Іскерлік mass-media және олардың Қазақстандағы экономикалық, әлеуметтік қатынастарды дамытудағы рөлі" курсын өтті.
2023 жылдың ақпан айында Jusan Bank ұйымдастырған "Қаржы журналистикасы" тренингіне қатысты.
2023 жылдың қараша айында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының "Зейнетақымен қамтамасыз ету саласындағы қаржы журналистикасы мектебі" кезекті онлайн-семинарына қатысты.
2024 жылдың ақпан айында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ақпараттық және киберқауіпсіздік департаментінен "Қаржы нарығындағы ақпараттық қауіпсіздік негіздері" курсына қатысты.
Еңбек жолы
"Литер" республикалық қоғамдық-саяси газетінде, "Золотая книга" баспа үйінде, "Жар-Жар" үйлену тойы жайлы журналда, "Фокус" күнделікті іскерлік газетінде, "Астана" және "КТК" телеарналарында тәжірибеден өткен.
2012 жылдан 2019 жылға дейін Qazaqstan ұлттық телеарнасында "Менің Қазақстаным" бағдарламасының редакторы болып жұмыс істеген.
NUR.KZ-те 2019 жылдың қыркүйегінен бастап жұмыс істейді.