Білімі
2011 жылы ҚазҰУ-дің журналистика факультетін тәмамдап, 2013 жылы Новосибирск мемлекеттік университетінде журналистика саласы бойынша магистр дәрежесін алған.
Студенттік шағында "Қазақстан", "Мир" телеарналарында корреспондент, диктор, сценарист ретінде және «Демеу» продюсерлік орталығында PR маман ретінде іс-тәжірибеден өткен.
SEO саласындағы білікті маманның тренингінен сәтті өтіп, сәйкесінше сертификат алған.
Еңбек жолы
Алғаш қызмет жолын 2013 жылы Дәрі-дәрмек ақпараттық-сараптамалық орталығының баспасөз қызметінде PR маман ретінде бастап, кейін "Фармация Казахстана" журналында редакция маманы қызметін атқарады.
2018 жылдан 2021 жылға дейін "Астана халықаралық қаржы орталығында" бас менеджер қызметін атқарған.
KAZ.NUR.KZ командасына 2015 жылдан бастап қосылды. Бүгінгі таңда KAZ.NUR.KZ порталының қазақ редакциясының басшысы.