jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Ауыз бекіткен адам укол салдырса, оразасы бұзыла ма

    Медициналық ине ұстаған дәрігер
    Медициналық ине. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының маманы ауыз бекіткен адам укол салдырса, оразасы бұзыла ма деген сұраққа жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ ҚМДБ-ның Youtube-тағы ресми арнасына сілтеме жасап.

    ҚМДБ "Шариғат және пәтуа" бөлімінің маманы Бауыржан Әбдуәлінің айтуынша, ораза кезінде укол салуды терең жараға дәрі жағу мәселесімен байланыстырады.

    "Қазіргі таңда ғұламалар бұл уколды денеге азық, қуат беретін және қуат бермейтін деп екіге бөледі. Денеге қуат беретін тамыр арқылы салынған укол егу оразаны бұзады.

    Ал ине бұлшық ет, тері астына және тамыр арқылы ағзаза азық бермейтін емдік мақсатта салынса, ораза бұзылмайды деген ғалымдар", - деді ол.

    Сонымен қатар "Шариғат және пәтуа" бөлімінің маманы Бауыржан Әбдуәлі укол салдыру исламды зерттеген ғұламалар арасында тартысты мәселе болғанын айтты.

    "Бұл мәселе - имам Әбу Ханифа мен шәкірттері арасында тартысты мәселе болған. Имам Әбу Ханифа укол арқылы терең жараға дәріні қою, ішке кету қаупі болғандықтан ораза бұзылады десе, екі шәкірті бұзылмайды деген тұжырымға келген. Өйткені, оразаны тек табиғи жолдар арқылы ауыз, мұрын, тік ішек арқылы кірген нәрселер бұзады деген", - дейді Бауыржан Әбдуәлі.

    Свежая публикация по теме:
    Рамазан айында қандай дұғалар оқу керек
    Ауыз бекіткен адам укол салдырса, оразасы бұзыла ма

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.