jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Аида Тақабаева
    Аида Тақабаева
    Бұрынғы қызметкер

    Көлікті қалай тез сатып жіберуге болады

    Көлік кілті
    Көлік кілті. Көрнекі фото: pixabay.com

    Көлігіңізді тез сатқыңыз келе ме? Бұл процесті маркетинг әдістері ғана емес, басқа да әдістер жеделдетуі мүмкін. Автокөлікті тез сатуға көмектесетін кеңестерді материалдан оқыңыз.

    КЛЮЧЕВЫЕ МОМЕНТЫ
    Данный текст создан автоматически при помощи ИИ и не проходил проверку редактора, поэтому может содержать фактологические или грамматические ошибки. Подробности в публикации
    • Автокөлікті тез және тиімді сату үшін оны энергетикалық тұрғыдан тазарту, арша, жусан және гүлшетен қолдану арқылы аластау керек.
    • Көліктің ішін тазалап, жуу арқылы оның ішіндегі қолайлы энергияны күшейтуге болады.
    • Көлікке тиын жасыру, оны дұрыс фотоға түсіру сияқты әдістер де жылжымалы мүлікті сәтті сатуға көмектеседі.

    Көлігіңізді негативтен тазартыңыз

    Автокөлік те – киім, зергерлік бұйымдар және тұрмыстық заттар сияқты жеке нәрсе. Пайдалану кезінде көлікке иесінің энергиясы сіңеді. Бірақ бұл көлікті сату кезінде тез және тиімді мәміле жасауға кедергі келтіруі мүмкін. Көлікті сатпас бұрын оны иесінің энергиясынан тазартқан жөн.

    Сарапшы Китти Филдстің айтуынша, көлікті тазалау рәсімдерін өткізу оны оң энергияға толтырады және иесін мәміле жасауға шабыттандырады.

    Ол үшін көлікті аластау қажет:

    • Ыстыққа төзімді контейнерге арша, жусан және гүлшетенді тұтатыңыз.
    • Автокөліктің қуыс-қуысын аластап шығыңыз.
    • Автокөлікті желдетіп, негативтерді шығарып, кеңістіктің оң энергиямен толығуына мүмкіндік жасаңыз.
    Көлік ішінде түтіндеп тұрған ыдыс
    Көлік салонын аластау. Фото: freepik.com

    Көлік апатқа ұшыраған болса, рәсімді бірнеше рет қайталаңыз.

    Жақсы энергия тартыңыз

    Кез келген маңызды мәселе немесе мәміле энергетикалық тұрғыдан қуаттауды қажет етеді. Фэншуйде бұл қолайлы ци энергиясы деңгейін жоғарылату болып есептеледі. Love To Know басылымының жазуынша, көлікті тазарту жәну жуу оның ішіндегі қолайлы ци энергиясын күшейтуге көмектеседі:

    • Барлық қоқысты қоқыс қапшығына жинаңыз, қажет емес заттарды жәшікке салыңыз.
    • Көліктің ішін шаңсорғышпен тазалап шығыңыз.
    • Көліктің терезелерін жуыңыз.
    • Көлікті жуыңыз.

    Салондағы иіске де көңіл бөліңіз.

    Ароматерапия қолданыңыз

    Автокөлікті сату кезінде жылдамдық қана емес, лот құны да маңызды. Көлікті тез және тиімді бағада сату үшін ароматерапияны пайдаланатындар да кездеседі. Кейбір хош иістер сәттілік, пайда және ақшаның магниті болып саналады. Тиімді нұсқалар:

    • Пачули – ақша тартатын күшті хош иістендіргіш.
    • Ветивер – миллионерше ойлауды қалыптастыратын және бизнестегі қиындықтарды жеңуге көмектесетін иіс.
    • Сауырағаш – ақша энергиясын белсендіруші.
    • Апельсин – қаржылық жағдайды жақсартады, молшылық туралы ой қалыптастырады.
    • Даршын – табыстың өсуін ынталандырады, әсіресе байлық тартуда әйелдер үшін пайдалы.
    Көлік салонында тұрған хош иістендіргіш
    Көлік ішін хош иістендіру. Фото: freepik.com

    Тиын жасырып қойыңыз

    Сатып алушылар ақауы бар көлік сатып алудан қорқады. Сондай-ақ көптеген адам тіл-көзден, басқа адамдардың қызғанышпен қарағанынан, қарғыстан қорқады. Сатылатын автокөлік сатып алушыға тартымды көрінуі үшін тиын пайдаланыңыз.

    Көліктің салонына жасырылған тиындар оны жағымсыз әсерлерден сақтайды деп есептеледі. Олар әлеуетті клиенттерге магнитше әсер етеді және тек төлем қабілеті бар кандидаттарды тартады.

    Тиынды көрінбейтін жерге – орындықтардың, төсеніштердің астына немесе жүксалғышқа жасырып қойыңыз. Көлік сатылғаннан кейін де тиын көлікте қалғаны жөн.

    Фотоға дұрыс түсіру

    Сатылатын автокөлікті жарнамалау үшін кәсіби фотосуреттер жасаңыз, алайда өзіңіз көлік фонында суретке түспегеніңіз жөн. Бұл көлік энергетикасына кері әсер етіп, мәміле жасау мерзімі созылып кетеді.

    Фотосуреттегі көлік иесінің бейнесі зұлым адамдарға теріс көзқарасын бағыттауға мүмкіндік береді, бұл оның жеке өмірінде де, көлік сатуда да сәтсіздікке әкеледі. Көліктің тым көп суретін пайдалануға да болмайды. Жарнамаға шығарғанда бір-екі суретін қойып, ал көліктің жан-жағы түгел түсірілген суреттерді болашақ сатып алушының жеке өзіне ғана жіберіңіз.

    Көлік кілті
    Көлік кілті. Көрнекі сурет: Lovelyday12/Getty Images

    Автокөлік сату – күрделі процесс. Оны тездету үшін агенттер кеңесінен бөлек, біз ұсынған кеңестерді де пайдаланып көргеніңіз жөн. Сонда мәміле тез жасалады әрі көлік құны да көңіл көншітетіндей болады.

    Көлікті қалай тез сатып жіберуге болады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.