RU
Отбасы
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

"Алма-Ата дегізбейміз": Белгілі ақын қала атауына қарсы Олжас Сүлейменовке қатаң ескерту жасады

Жарияланған күні:

Ханбибі Есенқарақызы
Фото: qazaquni.kz

Белгілі ақын, Алаш сыйлығының лауреаты Ханбибі Есенқарақызы Алматы қаласының атауына қарсы Олжас Сүлейменовке жауап берді. Ханбибі Есенқарақызы неліктен мегаполис атауының Алматы болып қала беретінін тарихи дерек келтіре отырып дәлелдеді деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ханбибі Есенқарақызы malim.kz сайтына жарияланған мақаласында Олжас Сүлейменовтің «Алматыға қайтадан Алма-Ата атауын қайтарайық» деген ұсынысын ұлтқа сатқындық ретінде көретінін жеткізді. Ақын өзінің әйел болса да, қалам ұстауға тура келгенін жазды.

"Негізі бұл әңгімені мен емес, ел алдында жүрген ақсақалдарымыздың біреуі айтуы керек еді. Өкінішке қарай, олар қашанғыларындай бұл жолы да үнсіз... Сосын әйел болсам да амал жоқ, қолға қалам алуға тура келді", - дейді ол.

Ханбибі Есенқарақызы Алматыны ендігіде "Алма-ата" деп атауды еш негізсіз деп атады.

"Мың жылдан астам тарихы бар Алматының «Алма-Ата» болғаны кешегі 1921 жылдан бері ғана. Қаланың ежелгі аты – Алмату. Бұл деректің рас-өтірігіне көз жеткізгісі келген адам Рашид ад-Диннің еңбектерін ақтарыстырса болады. Сондай-ақ, Бабыр да Шыңғыс хан шапқыншылығынан қираған Алмату қаласы туралы жазады. Оны аз десеңіздер Мұхаммед Хайдар Дулати, Шараф ад-Дин Йезди де өз шығармаларында қаланың атауын бірде-бір рет Алма-Ата демейді, Алмату дейді. Нақты жәдігер іздесеңіз Алматы музейінде тұрған сонау Шағатай заманында Алмату қаласында шығарылған темір теңгені барып тамашалаңыз! Марқұм академик Байпақовтың еңбектерін оқыңыз. Ал Алма-Ата деген сөз Жетісуға жиырмасыншы жылдары аяғына шарық байлап жер ауып келген бір переселеннің аузынан шықса шыққан шығар", - деп жазды ақын.

Ханбибі Есенқарақызы мемлекеттік органдардың қала атауын 1993 жылдан бері қазақ тілінде де, орыс тілінде де Алматы деп бекіткенін еске сала кетті. Оның сөзінше, Алматы деген атаудан ұлт руханияты сезіледі.

"Кешегі Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтбаев, Ғабит Мүсірепов, Ілияс Омаров, Өзбекәлі Жәнібеков, Бауыржан Момышұлы, Қасым Қайсенов, Ақжан Машанов, тағы басқа да қанша қайраткерлеріміз ұлт руханиятын өркендетуге Алматыда отырып еңбек сіңірді. Алма-Атада емес. Алматы бүкіл қазақ даласындағы жастардың арман-аңсары болды. Олар арман қала – Алматыға бір жетсем, ұлтымды мұратқа жеткізер едім деген ұстанымда болды.  Алматы деген атаудан ұлт руханияты сезіледі дейтініміз содан! Ал, енді бүкіл ұлттың Алматысына айналған ару қаланы бір келімсекке қайтадан Алма-Ата дегізбейміз", - деп түйіндеді ақын өз сөзін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/family/school/1933274-alma-ata-degizbeimiz-belgili-aqyn-qalanyn-qazirgi-atauyna-qarsy-olzas-suleimenovke-qatan-eskertu-zasady/

Жарияланымға реакцияңыз?

Соңғы пікірлер

Барлық пікір саны: 8

Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.

мухамедали

деп жүргенде Сүлейменов отқа май құйып отыр ! іштен шыққан жау жаман ! Рухымыздың әлсіздігі осы емеспе бұл ! не істейсің ! жақында Әшімбаев Қазақстанда халықтың 86 пайызы қазақша біледі деді ! не деген өтірік ! қазақтың 40 пайызы қазақша білмейді ! қайдағы 86 %. Елімізде ұлттық саясаттың жоқтығынан осындай халге жеттік ! үлкен қателік !

Comment reaction

мухамедали

орыстанып кеткен қазақтардың ойы ғой ! қалай қазақ атауларыны қайтарамыз

Comment reaction

Аека

100% қосыламын, Алматы деп қалу керек. "Алма-ата" деген атау, қазақшаға тілі жетпейтіндерге арналған сияқты тура.

қасым

өте орынды сөз алматы, алматы болып қалу керек қазақ тіліндегі атау ғой бұл қазақта тәбиғатына өнетін басты жемісітеріне қарап жер аттарын қойған мысалы: өрікті, жиделі, шійелі, жыңғылды, шеңгелді, қарағанды, бүргенді, т, т лар бұл өз тілімізде сан ғасырдан бері халқымызға сіңіп кеткен атау оның орысша аталыуын қазақшаға таңудың қажеті жоқ қой өзгерту керек болса повладар мен петро павлды өзгертіңдер ұлтық ұждан керек болса

Қырман

Олжас Сулейменов - Айналайын (АЛМАТЫ) Если добавить слово Алматы. Ответ отличный для Олжеке! Айналайын (АЛМАТЫ) – чудесное слово, Жаль, что русский его не поймет. Объяснить я готов ему снова, Только бедно звучит перевод. Айналайын, твоими губами, Пусть нелепо оно звучит, Но другими иными словами, Ты не сможешь его заменить. Ты Сережу Есенина помнишь? «Шаганэ, ты моя Шаганэ» Айналайын – захочешь, запомнишь! Повтори айналайын при мне. Пусть оно будет нашим паролем, Именами твоим и моим… Мы казахи с любовью и болью, О любимых своих говорим. Айналайын, тебя называю… Если хочешь понравиться мне Называй ты меня айналайын, Как Есенин свою Шаганэ. Айналайын - одно из самых красивых Казахских слов

kulash

3 февраля 1921 года, собрание пролетарских организаций города Верного и представителей бедноты аулов уезда в присутствии членов Президиума ТурЦИКа. Оно постановило: «Отныне город Верный будет называться на языке трудящихся городом Алма-Ата — по наименованию местности, на которой основан». Документ подписали председатель Семиреченского облревкома (в оригинале значится «Предсемироблревкома») Ураз Джандосов и член-секретарь Сыдыков. Копию с оригинала нам предоставили в Центральном государственном архиве Республики Казахстан.

kulash

Әдеттегі мен мықтымын, сен кімсің дейтін пікір болыпты. Ханбибі апайымыздың Олжас Сүлейменов туралы ойы өте ұят болыпты: ", енді бүкіл ұлттың Алматысына айналған ару қаланы бір келімсекке қайтадан Алма-Ата дегізбейміз", - деп түйіндеді ақын өз сөзін. Олжас Сүлейменов Алматыда туылып өскен, тарихын да өзгелерден артық білетін кісі. Келімсекке теңегені қорлау!

Нұрман76

Ақылды, күшті болсандар павладар, петропавлды ауыстыр күшің жетсе шекараға жақын қалаларды қазақ батырларына ауыстыр

jitsu gif