jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Әсел Дағжан
    Әсел Дағжан
    Бұрынғы қызметкер

    Ең ауқымды домбыра сабағы Гиннес рекордтар кітабына енді (фото)

    Зияткерлік мектеп оқушылары дирижер Айтжан Тоқтағанмен бірге
    Дирижер Айтжан Тоқтаған рекорд орнатқан шәкірттерімен. Фото: Назарбаев зияткерлік мектебі

    2022 жылдың мамыр айында елордадағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектепте оқу жылын аяқтаған ең ауқымды домбыра сабағы Гиннесс рекордтар кітабына енді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Назарбаев зияткерлік мектебінің ресми сайтына сілтеме жасап.

    Назарбаея зияткерлік мектебінің хабарлауынша, онлайн рекордты тіркеу туралы ақпарат Гиннесс рекордтар кітабының ресми сайтында жарияланды.

    NIS-тегі домбыра сабағы – бір мектептің мыңға жуық оқушысы ұлттық музыкалық аспапты жетік меңгеріп, бірге күй орындаған әлемдегі тұңғыш оқиға. Ең ауқымды домбыра сабағына қосымша білім беру педагогі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Айтжан Тоқтаған дирижерлік етті. Оқушылардың орындауында "Сарыарқа", "Балбырауын", "Еркем-ай", "Кеңес", "Жастар биі" сынды атақты күйлер күмбірлеп, туындылардың шығу тарихы баяндалды.

    Астанадағы ең ауқымды домбыра сабағы
    Домбыра сабағы. Фото: Назарбаев зияткерлік мектебі

    Гиннесс рекордтар кітабының талаптары бойынша ауқымды сабақты 25-тен астам стюард пен 2 куәгер қадағалады. Тәуелсіз стюардтар 50 қатысушыдан жиналған белгілі бір топты бақылады. Куәгерлер GWR-дің сенімді өкілі ретінде қызмет атқарып, рекордтың орнауы мен Кітаптың барлық критерийінің толық сақталуын қамтамасыз етті.

    Күй тартқан зияткер оқушылар
    Күй тартып Гиннес рекордын орнатқан оқушылар. Фото: Назарбаев зияткерлік мектебі

    Guinness World Records ережелеріне сәйкес ауқымды сабақ басталар алдында барлық қатысушы екі тіркеу пунктінен өтті: біріншісі – жеке бейдждерін сканерлеп, "Кандидат-маркер" бағдарламасы арқылы аймаққа кірді, екіншісі – кезекші қатысушылардың механикалық есебін жүргізді.

    Ең ауқымды домбыра сабағы Гиннес рекордтар кітабына енді (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.