Нұрғиса Тілендиевтің "Арман" күйінің шығу тарихын білесіз бе
Жарияланған күні:

Домбыра үнімен талай жүректерді баураған Нұрғиса Тілендиевтің шығармашылығында ерекше орын алатын "Арман" күйінің шың шығу тарихы терең мән-мағынаға толы. Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі осы күйдің шығу тарихы туралы дерек жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ ведомствоға сілтеме жасап.
Ауылдардың біріндегі тойда елдің құрметіне бөленген Нұрғиса күйшінің шеберлігіне көпшілік тәнті болып, шапалақпен көтермелеп, қошеметтейді.
Бірақ сол тойда шетте бір ақсақал тұнжырап отырады.
Түннің бір уағында Нұрғиса сол ақсақалдың үйінде қонақ болады. Төрде ілулі тұрған домбыраны қолына алып, тартуға рұқсат сұрайды.
Бірақ ақсақал: "Күйдің берекесін алмай, адам құсап тартшы", - деп қатаң ескертеді.
Бұл сөз Нұрғисаның жанына ауыр тиеді. Әкесі Тіленді марқұмның өсиеті санасына оралып, күйші бір сәт өзін сынайды.
Сол күйде домбыраның үнін жүрегімен сезініп, терең тебіреністен "Арман" күйі дүниеге келеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/family/school/2198369-kuiding-berekesin-alma-nurgisa-tilendievting-arman-kuiining-shygu-tarihyn-bilesiz-be-video/
Жарияланымға реакцияңыз?
Пікірлер жүктелуде