jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    "Жыл ортасында қай жерге алып барамыз": Шымкенттегі жекеменшік мектепте шу шықты

    оқушы
    Оқушылар. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Шымкентте жекеменшік мектептердің бірінде дау шықты. "Төрежан" деп аталатын білім ошағының басшысы "1 қаңтардан бастап әр балаға айына 50 мың теңге төлеу қажет" деп ата-аналарға хабарлама жіберген. Осыған дейін тегін білім алған оқушылардың ата-анасы бұған наразы, деп хабарлайды "КТК" арнасы.

    "Не деген сұмдық! Жыл ортасында қай жерге алып барамыз? Толып қалған, еш жер алмайды. Басында мұндай келісім болған емес. Көпбалалы аналар бар. Олар қалай төлейді? Қалтасы көтермейді. Айына 50 мың теңге деген не деген сұмдық!", - дейді тұрғындардың бірі Гүлзинат Тұрлыбекова.

    Әу баста бұл мектеп "тегін оқытамыз" деген екен. Сол себепті ата-аналар мемлекеттік мектепте біліп алып жүрген ұл-қыздарын осында ауыстырған. Бірақ қуанышы ұзаққа созылмады. Себебі ата-аналар жаңа жылдан бастап әр балаға елу мың теңгеден төлеуге тиіс.

    "Төрежан" мектебінің құрылтайшысы осыған дейін қаржыландыру мемлекет есебінен болған, алайда білім басқармасы келер жылдан бастап бала басына қаржыландыруды тоқтататынын хабарлады дейді. Сондықтан оқу ақысын ата-анадан алмасақ, мұғалімдерге еңбекақы төлей алмаймыз деп отыр.

    Ал білім басқармасы кәсіпкердің сөзін жоққа шығарды. Соңғы үш айдың өзінде бұл мектепке "24 миллион теңге аудардық" деген жауапты басшы, жаңа жылдан кейін де барлық оқушы тегін білім алады деп сендірді.

    "Төрежан" мектебінің қуаты 140 балаға арналған. Ол екі ауысымда 280 бала оқыта алады. Олар 380 балаға өтінім берген. Сол себепті біздің қаражат екі ауысымды қаржыландыруға жетеді. Қаржыландыру толық жүргізіледі", - деп сендірді Шымкент білім басқармасы басшысының орынбасары Бекжан Тайғашов.

    Дереккөз: "КТК" арнасы

    "Жыл ортасында қай жерге алып барамыз": Шымкенттегі жекеменшік мектепте шу шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.