jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Депутат: Қазақстанда мектеп оқушылары тегін тамақтан қағылып қалуы мүмкін

    асхана
    Мектеп асханасы. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    "Мектеп оқушылары тегін тамақтан қағылып қалуы әбден мүмкін". Мұндай ойды мәжіліс депутаты Екатерина Смолякова айтты, деп хбарлайды Almaty.tv.

    Сөзінше, елдегі білім ошақтарында балаларды тегін тамақтандырудың жаңа стандарты енгізілгенімен, оған тиісті қаржылық қолдау көрсетілмей отыр. Салдарынан астың сапасы төмендеп, кәсіпкерлер шығынға ұшырауы мүмкін.

    Халық қалаулысы қосылған құн салығын ескере отырып, тарифтерді шұғыл түрде қайта қарауды талап етеді. Ол бұл мәселе бойынша премьер-министр Олжас Бектеновтің атына сауал жолдағанын жеткізді.

    Тіпті өңірлерге арнайы барып, жағдайды зерделеген. Оның айтуынша, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Ақмола және Қостанай облыстарында мәселе шешімін тапқан. Ал өзге өңірлерде жағдай өзгермеген.

    "Биыл оқу жылына мемлекет тарабынан балалардың мектеп оқушыларының тегін тамақтануына 192 миллиард теңге бөлінді. Жаңағы бөлінген қаражатты қайтадан қарастыруды ұсынып отырмыз. Яғни, салыққа, ҚҚС-қа бөлген қаражатты индексацияға бағыттауды ұсынып отырмыз", – деді Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты Екатерина Смолякова.

    Депутат: Қазақстанда мектеп оқушылары тегін тамақтан қағылып қалуы мүмкін

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.