Астанада мектеп оқушылары қашықтан оқитын болды
Опубликовано:
Читать на русском
11 ақпанда Астанада ауа райы нашарлайды. Сол себепті кейбір мектеп оқушылары қашықтан оқиды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қалалық мониторинг орталығына сілтеме жасап.
"2026 жылғы 11 ақпанда ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-6 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады"- делінген хабарламада.
Айта кету керек, Астанада мектеп оқушылары жақында бұған дейін де қашықтан оқуға жіберілген болатын.
Сондай-ақ кеше 10 ақпанда елордадан Павлодарға дейін баратын республикалық тасжолы ауа райының қолайсыздығына байланысты барлық көлік түрі үшін жабық болатыны хабарланған болатын.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/family/school/2342056-astanada-mektep-oqushylary-qashyqtan-oqityn-boldy/