jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Диетолог адам денсаулығына зиянды жаңғақты атады

    Жаңғақ
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Ресейлік диетолог Светлана Панченко адам денсаулығына кері әсер ететін жаңғақ түрін атады, деп хабарлайды РИА Новости.

    Панченконың сөзінше, жержаңғақ бірнеше факторларға байланысты ең зиянды жаңғақ болып саналады.

    "Расында да жержаңғақты ең зиянды жаңғақ деп атауға болады. Оны жаңғақтар қатарына қосу да қате, өйткені ол бұршақ тұқымдасына жатады және жерде өседі.

    Жержаңғақ - ең күшті аллергендердің бірі. Себебі ол жерде өсетіндіктен, адам денсаулығына теріс ықпал етуі мүмкін зең саңырауқұлақтарының әсеріне жиі ұшырайды", - дейді Светлана Панченко.

    Одан бөлек, диетологтың айтуынша, жаңғақтың құрамындағы фитин қышқылы тағамдағы микроэлементтердің сіңуіне кедергі келтіреді.

    "Кез келген жаңғақтар мен жержаңғақтардың құрамында фитин қышқылы бар, ол тағамдағы темір сияқты бірқатар микроэлементтің сіңуіне кедергі келтіреді. Сондықтан шикі жаңғақтарды жемес бұрын бірнеше сағат бойы суға салып, содан кейін кептіріп алған дұрыс", - дейді Светлана Панченко.

    Еске сала кетсек, бұған дейін ресейлік диетолог Александра Лапина цитрустарға аллергиясы бар адамдарға, сонымен бірге, бүйрек, асқазан-ішек жолдарында проблемасы бар азаматтарға лимон жемеуге кеңес берген еді.

    Диетолог адам денсаулығына зиянды жаңғақты атады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.