jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

    Ірімшік қосылған саңырауқұлақтар: Риза Нұрланқызынан ерекше әрі дәмді рецепт

    Фаршталған саңырауқұлақтар. Скриншот
    Фаршталған саңырауқұлақтар. Скриншот: YouTube/Riza Nurlankyzy

    Саңырауқұлақтарды ұнататын жандар етсіз пісірілген шампиньондарға да жоғары баға беретіні сөзсіз. Ірімшік себілген аталған тағам, кез келген адамның жүрегін жаулап алады. Пеште пісірілетін фарш қосылған саңырауқұлақтардың дәмді рецептін назарға ұсынамыз.

    Шампиньондар — дастархан сәнін келтіретін, кеңінен танымал саңырауқұлақ түрі. Олардың гастрономиялық тарихы ежелгі Рим мен Египеттен бастау алады, себебі аталған елдерде олар деликатес саналған. Шампиньондар, әсіресе, XVII ғасырда француз корольдерінің ас мәзірінде ұсыныла бастаған күннен бастап, танымалдыққа ие бола бастады. Олар Еуропада кең таралып, түрлі тағам рецептілеріне енгізілді. Ал жүз жыл өткен соң шампиньондар әлемдегі ең сұранысқа ие саңырауқұлақтың біріне айналды.

    Сипаттамасы

    Асхана: Еуропа

    Санаты: Тіскебасар

    Дайындау уақыты: 5 минут

    Дайындалу уақыты: 20 минут

    Бір порцияға арналған калория мөлшері: 190 ккал

    Дайындалуы

    1. Саңырауқұлақтарды тазартыңыз

    Шампиньондарды тазартып жуып, қабығынан тазартамыз. Сосын саңырауқұлақтың қажетсіз жерлерін алып тастаймыз. Өткір пышақпен саңырауқұлақты қап түрінде аршып, ішіне салмасын салатындай етіп тазартамыз.

    2. Салмаға қажет ингредиентерді тураңыз

    Салмаға қажет құрамды турау. Скриншот
    Салмаға қажет құрамды турау. Скриншот: YouTube/Riza Nurlankyzy

    Саңырауқұлақтардың артылған жерлері мен шұжықтарды кішкентай шаршы түрінде тураймыз. Сарымсақ, пияз және бұрышты тазартып, ұсақтап тураймыз. Барлық ингредиенттерді турап болған соң, оларды бөлек ыдысқа салып қоямыз.

    3. Салманы қуырасыз

    Табаны қыздырып, оған аздаған өсімдік майын құямыз. Алдымен пияз, сарымсақ және бұрышты жақсылап қуырып аламыз. Сосын оның үстіне туралған шұжықтарды саламыз. Ең соңында саңырауқұлақтарды саламыз. Салмаға дәміне қарай тұз бен бұрышты қосамыз. Салманың сөлі шыққанша, бәрін жақсылап қуырып аламыз.

    4. Саңырауқұлақтарға салманы салыңыз

    Саңырауқұлақты противеньге салу. Скриншот
    Саңырауқұлақты противеньге салу. Скриншот: YouTube/Riza Nurlankyzy

    Противеньге пергамент қағазын саламыз. Оған саңырауқұлақтарды тіземіз. Олардың ішіне салмасын саламыз.

    5. Саңырауқұлақтарды пісіреміз

    Ірімшікті ірі үккіштен өткізіп аламыз. Пешті 180 °C-қа дейін ысытамыз. Противеньді ысыған пешке 30–35 минутқа қоямыз. Сосын саңырауқұлақтарды алып, оның үстіне ірімшікті себеміз, сөйтіп пешке қайтадан 10–15 минутқа қоямыз.

    6. Ыстық тағамды салыңыз

    Ыстық тағамды дастарханға қою сәті. Скриншот
    Ыстық тағамды дастарханға қою сәті. Скриншот: YouTube/Riza Nurlankyzy

    Аскөкті жуып, ұсақтап тураймыз. Дайын саңырауқұлақтарды ыдысқа салып, үстіне балғын көк шөпті себеміз. Саңырауқұлақты дастарханға ыстық немесе жылы күйінде береміз.

    Ірімшік қосылған саңырауқұлақтар: Риза Нұрланқызынан ерекше әрі дәмді рецепт

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.