jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

    Баклажан мен тауық етінен "хит" салат: Ариана Дәуренқызының ерекше рецебі

    Баклажан мен тауық етінен салат. Скриншот
    Баклажан мен тауық етінен салат. Скриншот: YouTube/ Nariman Ariana

    Баклажан мен тауық етінен жасалатын "стир фрай" салаты бүгінде сұранысқа ие. Дәмі тіл үйіретін салаттың рецебімен бүгінгі материалдан таныса аласыздар.

    Баклажан мен тауық етінен жасалатын салат көпшілік арасында "стир фрай" атымен танымал. Белгілі фудблогер Ариана Дәуренқызы бүгін сіздерге аталған салаттың рецебімен таныстыратын болады.

    Сипаттамасы

    Асхана: Қытай

    Санаты: тіскебасар

    Дайындалу уақыты: 15 минут

    Дайын болу уақыты: 5 минут

    Құрамы

    Тауықтың төс еті - 300гр

    Баклажан - 300 гр

    Жартылай ащы бұрыш - 125 гр

    Қызанақ -200 гр

    Көк пияз - 25 гр

    Жасыл пияз - дәміне қарай

    Картоп крахмалы - 10 гр

    Сарымсақ - 20 гр

    Паприка - 4 гр

    Өсімдік майы - 30 гр

    Қант - 5 гр

    Cоусқа:

    Паприка - 1 шай қасық

    Сарымсақ - шай қасық

    Қышқыл-тәтті бұрыш - 1 ас қасық

    Соя соусы - 1 ас қасық

    Дайындалуы

    1. Баклажанды ірі етіп тураймыз

    Баклажанды ірілеу етіп тураймыз. Скриншот
    Баклажанды ірілеу етіп тураймыз. Скриншот: YouTube/ Nariman Ariana

    Баклажанды жақсылап жуып, екіге бөлеміз. Әр бөлікті ірілеу етіп тураймыз.

    2. Баклажанды тұздап, крахмалдаймыз

    Баклажанды тұздап, крахмалдаймыз. Скриншот
    Баклажанды тұздап, крахмалдаймыз. Скриншот: YouTube/ Nariman Ariana

    Туралған баклажанды шұңғыл ыдысқа салып, шым-шым тұз қосамыз. Сосын жүгері крахмалын қосып, араластырамыз.

    3. Тауықтың төс етін тураймыз

    Тауықтың төс етін тураймыз. Скриншот
    Тауықтың төс етін тураймыз. Скриншот: YouTube/ Nariman Ariana

    Тауықтың етін ірілеу қылып тураймыз. Сосын жүгері крахмалын, паприка, бір тісше сарымсақ, сұйық май қосып, жақсылап араластырамыз. 30 минутқа тұзы сіңуі үшін, маринадтап қоямыз.

    4. Көкөністерді тураймыз

    Көкөністерді тураймыз. Скриншот
    Көкөністерді тураймыз. Скриншот: YouTube/ Nariman Ariana

    Жартылай ащы екі бұрышты тазалап, ұзын тілімше түрінде тураймыз. Қызанақтарды орташа етіп тураймыз.

    5. Баклажан мен тауық етан қуырамыз

    Баклажанды қуырамыз. Скриншот
    Баклажанды қуырамыз. Скриншот: YouTube/ Nariman Ariana

    Табаға сұйық майды құйып, қыздырамыз. Қызып тұрған майға баклажанды салып, екі жақ беті қызарғанша жақсылап қуырып аламыз. Баклажанды қуырып болған соң, осы майға тауық етін салып, қызарғанша қуырамыз.

    6. Салаттың барлық құрамын араластырамыз

    Салаттың барлық құрамын араластырамыз. Скриншот
    Салаттың барлық құрамын араластырамыз. Скриншот: YouTube/ Nariman Ariana

    Дайын болған баклажан мен тауық етан көкөністерге саламыз. Бір тісше сарымсақты ұсақтап турап, қосамыз. Сондай-ақ, жарты қасық паприка, қалауыңызша жасыл пияз, бір ас қасық соя тұздығы, бір қасық тәтті және қышқыл соус қосып, жақсылап араластырамыз. Дәміне қарай тұз қосуды ұмытпаңыз. Дайын салатты тәрелкелерге салып, дастарханға ұсынасаңыз болады.

    Баклажан мен тауық етінен "хит" салат: Ариана Дәуренқызының ерекше рецебі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.