jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

    Қамыр ішінде піскен картоп пен ет: Анаргүл Құдайбергеновадан ерекше кешкі ас рецебі

    Қамыр ішіндегі картоп пен ет. Скриншот
    Қамыр ішіндегі картоп пен ет. Скриншот: YouTube/ Anargul Muxtarovna

    Қамыр ішінде піскен картоп пен ет - жақындарыңыздың ең сүйікті тағамдарының біріне айналуы мүмкін. Үй жағдайында оңай даярланатын бас тағам рецебімен бүгінгі материалда таныс бола аласыздар.

    Жақындарыңызды ерекше кешкі аспен таң қалдырғыңыз келе ме? Ендеше қамыр ішінде пісірілетін ет пен картоп рецебіне назар аударыңыздар. Анаргүл Құдайбергенова ұсынған ерекше рецептте аталған тағамды қалай оңай әрі тез жасауға болатыны айтылады.

    Сипаттамасы

    Асхана: Славян елдері

    Санаты: басты тағам

    Дайындалу уақыты: 30 минут

    Дайын болу уақыты: 35-40 минут

    Құрамы

    Ұн - 500 гр

    Су - 220 мл

    Тұз - 1 шай қасық

    Сары май - 60 гр

    Қопсытқыш - 0,5 шай қасық

    Салмасы:

    Ет - 300 гр

    Картоп - 2 дана

    Пияз - 2 дана

    Қызанақ - 1 дана

    Сұйық май - 80 гр

    Тұз, қара бұрыш - дәміне қарай

    Дайындалуы

    1. Қамыр илейміз

    Қамыр илейміз. Скриншот
    Қамыр илейміз. Скриншот: YouTube/ Anargul Muxtarovna

    Бөлме температурасындағы суға ерітілген сары май, бір шай қасық тұзды салып, араластырамыз. Сосын жарты шай қасық қопсытқышты ұнға салып, араластырып, ұнның ортасын ашамыз. Оған сары май қосылған суды қосып, қаттылығы орташа қамыр илейміз.

    2. Қамырды тындырамыз

    Қамырды тындырамыз. Скриншот
    Қамырды тындырамыз. Скриншот: YouTube/ Anargul Muxtarovna

    Қамырды 20 минутқа тындырамыз. Сосын төрт бөлікке бөліп, тағы да иін қандырып илеп, 5-6 минутқа тындыруға қоямыз.

    3. Cалмасын дайындаймыз

    Салмасын дайындаймыз. Скриншот
    Салмасын дайындаймыз. Скриншот: YouTube/ Anargul Muxtarovna

    Етті орташа көлемде, төртбұрыш етіп турап аламыз. Оған ұсақтап туралған пияз, картоп, қызанақты салып, үстінен сұйық май қосамыз. Үйіңізде құйрық май болса, өсімдік майының орнына құйрық майды қоссаңыз болады. Сосын дәміне қарай тұз, қара бұрыш және кориандр қосамыз. Барлығын жақсылап араластырамыз.

    4. Қамырды жаямыз

    Қамырды жаямыз. Скриншот
    Қамырды жаямыз. Скриншот: YouTube/ Anargul Muxtarovna

    Тынып тұрған қамырды алып, екі тең бөлікке бөлеміз. Әр бөлікті тағы да теңдей етіп бөлеміз. Әр бөлікті дөңгелетіп жаямыз. Қамырға пішін беру үшін, әр дөңгелекті пиалаға саламыз. Ортасына салмасын саламыз. Сосын қамырдың бетін, әдемілеп түйеміз. Сосын пиаланы төңкеріп, қамырды безендіруге кірісеміз.

    5. Қамырды безендіріп, пісіреміз

    Қамырды безендіріп, пісіреміз. Скриншот
    Қамырды безендіріп, пісіреміз. Скриншот: YouTube/ Anargul Muxtarovna

    Қамырдың артылған бөлігімен бетін қақпақ тәрізді етіп безендіреміз. Дайын болған соң протвеньге пергамент қағазын төсеп, тағамды орналастырамыз. Сосын 180 градуста бір сағат бойы пісіреміз. Дайын тағамды дастарханға ұсынамыз.

    Қамыр ішінде піскен картоп пен ет: Анаргүл Құдайбергеновадан ерекше кешкі ас рецебі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.