jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

    Жеңіл әрі тәтті: Анаргүл Құдайбергенова ұсынған айраннан жасалатын торт рецебі

    Қамыры айраннан жасалған торт. Скриншот
    Қамыры айраннан жасалған торт. Скриншот: YouTube/ Anargul Muxtarovna

    Айраннан жасалатын тортты жақындарыңыз бірден ұнатуы мүмкін. Үй жағдайында оны қалай даярлауға болады? Бүгінгі рецепттен біле аласыздар.

    Қамыра айраннан әзірленетінт торттың рецебімен Анаргүл Құдайбергенованың YouTube арнасынан таныса аласыздар. Фудблогер аталған арнада өзге де ерекше тағамдардың рецебімен бөліседі.

    Сипаттамасы

    Асхана: Еуропа

    Санаты: десерт

    Дайындалу уақыты: 10 минут

    Дайын болу уақыты: 30 минут

    Құрамы

    Жұмыртқа - 2 дана

    Қаймақ 20% - 400 г

    Қант - 250 г

    Ұн - 250 г

    Өсімдік майы - 100 мл

    3,2% айран - 300 г

    Какао ұнтағы - 3 ас қасық

    Ас содасы - 0.5 шай қасық

    Қопсытқыш - 1 шай қасық

    Су - 50 мл

    Қоюлатылған сүт

    Дайындалуы

    1. Айран мен соданы араластырамыз

    Айран мен соданы араластырамыз. Скриншот
    Айран мен соданы араластырамыз. Скриншот: YouTube/ Anargul Muxtarovna

    Шұңғыл ыдысқа бөлме температурасындағы айранды құямыз. Үстінен соданы себеміз. Осылайша сұйық массаны 15-20 минутқа ашуы үшін, бөлек қойып қоямыз.

    2. Айранға жұмыртқа мен қантты қосамыз

    Сұйық массаға қант пен жұмыртқаны қосамыз. Скриншот
    Сұйық массаға қант пен жұмыртқаны қосамыз. Скриншот: YouTube/ Anargul Muxtarovna

    Айранға қантты қосамыз. Сосын екі жұмыртқаны бөлек ыдысқа жарып, араластырып, сұйық массаған қосамыз. Барлығын жақсылап араластырамыз.

    3. Ұн мен өсімдік майын қосамыз

    Ұн мен өсімдік майын қосамыз. Скриншот
    Ұн мен өсімдік майын қосамыз. Скриншот: YouTube/ Anargul Muxtarovna

    Сұйық массаған алдымен өсімдік майын қосамыз. Сосын ұнды електен өткізіп қосамыз. Барлық құрамды араластырамыз.

    4. Какао мен қопсытқыш, су қосамыз

    Какао мен қопсытқышты қосамыз. Скриншот
    Какао мен қопсытқышты қосамыз. Скриншот: YouTube/ Anargul Muxtarovna

    Сұйық массаға какаоны елек арқылы өткізіп, себеміз. Сосын қопсытқышты қосып, барлығын жақсылап араластырамыз. Соңында қайнаған суды қосып, қаймақ тәрізді консистенцияға жеткіземіз.

    5. Тортты пісіреміз

    Тортты пісіреміз. Скриншот
    Тортты пісіреміз. Скриншот: YouTube/ Anargul Muxtarovna

    Пешті алдын ала 180 градусқа ысытамыз. Сұйық массаны противеньге құйып, 30 минутқа қойып, пісіріп аламыз.

    6. Кремін дайындаймыз

    Крем дайындаймыз. Скриншот
    Крем дайындаймыз. Скриншот: YouTube/ Anargul Muxtarovna

    Шұңғыл ыдысқа қоюлатылған сүтті құямыз, үстінен қаймақты саламыз. Екеуін жақсылап араластырамыз.

    7. Торты жинаймыз

    Торты жинаймыз. Скриншот
    Торты жинаймыз. Скриншот: YouTube/ Anargul Muxtarovna

    Піскен торттың алдымен жиектерін тегістеп, турап аламыз. Сосын жіптің көмегімен тортты ортасынан бөлеміз. Ортасына крем жағамыз. Сосын торттың бетіне крем жағамыз. Торттың қалдықтарын ұсақтап, торттың бетіне себеміз. Дайын тортты тоңазытқышқа 1-2 сағатқа қойып, дастарханға ұсынамыз.

    Жеңіл әрі тәтті: Анаргүл Құдайбергенова ұсынған айраннан жасалатын торт рецебі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.