jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

    Аджика: Риза Нұрланқызынан қысқа арналған ащы салатты жасаудың ең оңай тәсілі

    Банкадағы аджика. Көрнекі сурет
    Банкадағы аджика. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Күз мезгілі жеткелі, көкөністерді көптеп алып, олардан қысқа түрлі салаттар жапқан абзал. Солардың бірі - аджика. Тәбетті ашатын салатты үй жағдайында қалай оңай даярлауға болады? Бүгінгі материалдан білетін боласыздар.

    КЛЮЧЕВЫЕ МОМЕНТЫ
    Данный текст создан автоматически при помощи ИИ и не проходил проверку редактора, поэтому может содержать фактологические или грамматические ошибки. Подробности в публикации
    • Фудблогер Риза Нұрланқызы аджика дайындаудың ең оңай тәсілін көрсетеді.
    • Аджиканы жасау үшін қызанақ, ащы қызыл бұрыш, тәтті қызыл бұрыш, сарымсақ және басқа да ингредиенттер қолданылады.
    • Дайындау процесі көкөністерді тазалау, ет тартқыштан өткізу, қайнату, дәмдеуіштер қосу және блендерден өткізіп, ыстық күйінде банкаларға құюдан тұрады.

    Аджиканы дайындаудың ең оңай тәсілімен белгілі фудблогер Риза Нұрланқызы таныстырады. Блогердің YouTube арнасынан осы іспеттес түрлі тағамдардың жасалу жолымен танысуға болады.

    Сипаттамасы

    Асхана: Абхаз халықтары

    Санаты: тіскебасар

    Дайындалу уақыты: 20 минут

    Дайын болу уақыты: 35-40 минут

    Құрамы

    Қызанақ - 1 кг

    Ащы қызыл бұрыш - 150 гр

    Тәтті қызыл бұрыш - 1 кг

    Сарымсақ - 130-150 гр

    Тұз- 40 гр

    Қант- 60 гр

    Сірке суы 9% - 50 мл

    Дайындалуы

    1. Көкөністерді жуып, турап аламыз

    Көкөністерді дайындаймыз. Скриншот
    Көкөністерді дайындаймыз. Скриншот: YouTube/ Riza Nurlankyzy

    Аджикаға қажет көкөністердің барлығын жуып, тазалап аламыз. Сосын ірілеу етіп турап, ет тартқыштан өткізуге дайындаймыз.

    2. Көкөністерді ет тартқыштан өткіземіз

    Көкөністерді ет тартқыштан өткіземіз. Скриншот
    Көкөністерді ет тартқыштан өткіземіз. Скриншот: YouTube/ Riza Nurlankyzy

    Көкөністерді тазалаған соң, ет тартқыштан өткіземіз. Осы ретте аджикаға қажет ащы бұрыштың ішіндегі дәндерін де тазалау керектігін еске саламыз. Себебі, ол салатты тым ащы қылып жіберуі мүмкін.

    3. Дәмдеуіштерді қосамыз

    Дәмдеуіштерді қосамыз. Скриншот
    Дәмдеуіштерді қосамыз. Скриншот: YouTube/ Riza Nurlankyzy

    Ет тартқыштан өткізілген көкөністерді шұңғыл ыдысқа салып, баяу отқа қоямыз. Аджика қайнаған сәтте оған барлық дәмдеуіштерді қосамыз. Барлығын жақсылап араластырамыз. Аджиканы қайнатқан кезде ыдыстың қақпаған ашып қойыңыз, сонда аджика қою болады.

    4. Аджиканы блендерден өткізіп, банкаларға саламыз

    Аджиканы блендерден өткіземіз. Скриншот
    Аджиканы блендерден өткіземіз. Скриншот: YouTube/ Riza Nurlankyzy

    Аджиканы блендерден өткізіп, ыстық күйінде банкаларға құямыз. Аджиканың қалған бөлігін арнайы кондитерлік пакеттерге салып, тоңазытқышқа, қысқа қатырып қоюға болады.

    Аджика: Риза Нұрланқызынан қысқа арналған ащы салатты жасаудың ең оңай тәсілі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.