jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

    Қытырлақ гранола: Риза Нұрланқызынан таңғы асқа гранола әзірлеудің рецебі

    Дайын болған гранола. Көрнекі сурет
    Дайын болған гранола. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Гранола - таңғы асқа оңай әрі тез жасалатын, пайдалы тағамдардың бірі. Оны үй жағдайында оп-оңай дайындауға болады. Бүгінгі рецептте ең дәмді граноланы даярлаудың құпиясымен бөлісетін боламыз.

    КЛЮЧЕВЫЕ МОМЕНТЫ
    Данный текст создан автоматически при помощи ИИ и не проходил проверку редактора, поэтому может содержать фактологические или грамматические ошибки. Подробности в публикации
    • Фудблогер Риза Нұрланқызы үй жағдайында дәмді гранола дайындаудың рецептімен бөліседі.
    • Гранола жасау үшін сұлы, грек жаңғағы, кокос ұнтағы, асқабақ дәндері, бал, арахис пастасы және шоколад қолданылады.
    • Граноланы дайындау процесі құрғақ ингредиенттерді араластыру, бал мен арахис пастасын қосу, шоколад қосу және пеште 20 минут пісіруден тұрады.

    Граноланы америкалық шіркеу қызметкері ойлап тапқан деген дерек бар. Таңғы асқа таптырмас тағам болып табылатын қытырлақ граноланың ең дәмді рецебімен фудблогер Риза Нұрланқызы таныстыратын болады.

    Сипаттамасы

    Асхана: Америка

    Санаты: десерт

    Дайындалу уақыты: 10 минут

    Дайын болу уақыты: 20 минут

    Құрамы

    Сұлы - 300 гр

    Грек жаңғағы - 200 гр

    Кокос ұнтағы - 50 гр

    Асқабақ дәндері - 50 гр

    Бал - 150 гр

    Арахис пастасы - 1,5 шай қасық

    Шоколад - 50 гр

    Дайындалуы

    1. Граноланың құрғақ құрамын араластырамыз

    Сұлы, жаңғақ пен кокос ұнтағын араластырамыз. Скриншот
    Сұлы, жаңғақ пен кокос ұнтағын араластырамыз. Скриншот: YouTube/ Riza Nurlankyzy

    Шұңғыл ыдысқа алдымен сұлы ұнтағын, сосын грек жаңғағы мен кокос ұнтағын саламыз. Соңында асқабақ дәндерін қосамыз. Барлығын жақсылап араластырамыз. Айта кетерлігі, аталған жаңғақтар мен дәндердің орнына сіз өзіңізге ұнайтын кез келген дәндерді пайдалана аласыз.

    2. Бал мен арахис пастасын қосамыз

    Бал мен арахис пастасын қосамыз. Скриншот
    Бал мен арахис пастасын қосамыз. Скриншот: YouTube/ Riza Nurlankyzy

    Құрғақ дәндерді біріктіру үшін аздап ерітілген балды қосамыз. Сол сияқты гранолаға әдемі дәм беру үшін, арахис пастасын да қосамыз.

    3. Шоколад қосамыз

    Шоколад қосамыз. Скриншот
    Шоколад қосамыз. Скриншот: YouTube/ Riza Nurlankyzy

    Гранолаға қант қосылмайтындықтан, ол тәтті болуы үшін, кокос ұнтағынан бөлек шоколад қоссаңыз да болады. Ол үшін, плитка шоколадты ұсақтап турап, барлығын бірге араластырыңыз.

    4. Граноланы пешке саламыз

    Граноланы пешке саламыз. Скриншот
    Граноланы пешке саламыз. Скриншот: YouTube/ Riza Nurlankyzy

    Противеньге пергамент қағазын төсеп, үстіне граноланы салып, тегістеп шығамыз. Осы кезде пешті алдын ала 150 градусқа қойып, қыздырып аламыз. Противеньді салып, 10 минутқа қоямыз. Сосын граноланы алып, бір араластырып алып, тағы 10 минутқа саламыз. Осылайша, гранола дайын болып шығады.

    5. Граноланы суытып, ыдысқа салып қоямыз

    Дайын болған гранола. Скриншот
    Дайын болған гранола. Скриншот: YouTube/ Riza Nurlankyzy

    Дайын болған граноланы толығымен суытамыз. Сосын банкаға салып, бетін жауып қоямыз. Мұндай гранола 2-3 апта ғана сақталатынын ұмытпаңыздар.

    Қытырлақ гранола: Риза Нұрланқызынан таңғы асқа гранола әзірлеудің рецебі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.