jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

    Дәмді әрі нәрлі: Диана Есенбековадан ерекше таңғы ас рецебі

    Таңғы ас рецебі. Көрнекі сурет
    Таңғы ас рецебі. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Мамандар таңғы астың құнарлы әрі нәрлі болғаны денсаулыққа ерекше пайдалы болатынын айтады. Осы орайда, назарларыңызға жасалу жолы өте оңай, дәмді әрі нәрлі таңғы ас рецебін ұсынамыз.

    КЛЮЧЕВЫЕ МОМЕНТЫ
    Данный текст создан автоматически при помощи ИИ и не проходил проверку редактора, поэтому может содержать фактологические или грамматические ошибки. Подробности в публикации
    • Диана Есенбекова атты танымал фудблогер дәмді әрі нәрлі таңғы ас рецептін ұсынады.
    • Бұл таңғы ас тунец балығы, ақжелкен, ірімшік сыры, лимон шырыны және зәйтүннен жасалады.
    • Тағам дайындау үдерісі қарапайым: ингредиенттерді араластырып, қуырылған нанға салу керек.

    Таңғы астың ерекше рецебімен танымал фудблогер Диана Есенбекова таныстырады. Блогердің YouTube арнасынан осы және өзге де тағамдардың рецебімен таныс бола аласыздар.

    Сипаттамасы

    Асхана: славян

    Санаты: тіскебасар

    Дайындалу уақыты: 5 минут

    Дайын болу уақыты: 5 минут

    Құрамы

    Ақжелкен - қалауыңызша

    Нан - 3-4 тілім

    Тунец - қалауыңызша

    Сұйық ірімшік - қалауыңызша

    Лимон шырыны - қалауыңызша

    Тұз, қара бұрыш - дәміне қарай

    Зәйтүн - 7-8 дана

    Дайындалуы

    1. Ақ желкенді ұсақтап тураймыз

    Ақ желкенді ұсақтап тураймыз. Скриншот
    Ақ желкенді ұсақтап тураймыз. Скриншот: YouTube/ СУПЕР КЕЛІН ДИАНА

    Алдымен ақ желкенді жақсылап турап аламыз. Ол үшін оны жуамыз, сосын ұсақтап турауға кірісеміз.

    2. Ақжелкенді тунец балығымен араластырамыз

    Ақжелкенді тунец балығымен араластырамыз. Скриншот
    Ақжелкенді тунец балығымен араластырамыз. Скриншот: YouTube/ СУПЕР КЕЛІН ДИАНА

    Консервіленген тунец балығын ыдысқа салып, шанышқымен езіп аламыз. Сосын үстінен ақжелкенді қосамыз.

    3. Ірімшік сыры мен лимон шырынын, қабығын қосамыз

    Ірімшік сыры мен лимон шырынын қосамыз. Скриншот
    Ірімшік сыры мен лимон шырынын қосамыз. Скриншот: YouTube/ СУПЕР КЕЛІН ДИАНА

    Тунец балығы мен ақжелкенге бірнеше ас қасық ірімшік сыры мен лимон шырынын қосамыз. Ол үшін лимонды екіге бөліп, қолымызды батырып, шырынын шығарамыз. Сол сияқты жарты лимонның қабығын үккіштен өткізіп, қоспаға қосамыз.

    4. Дәміне қарай тұз, бұрыш қосамыз

    Дәміне қарай тұз бен бұрыш қосамыз. Скриншот
    Дәміне қарай тұз бен бұрыш қосамыз. Скриншот: YouTube/ СУПЕР КЕЛІН ДИАНА

    Дәміне қарай тұз бен қара бұрышты қосамыз. Барлығын жақсылап араластырып аламыз.

    5. Табада нанды қуырамыз

    Табада нанды қуырамыз. Скриншот
    Табада нанды қуырамыз. Скриншот: YouTube/ СУПЕР КЕЛІН ДИАНА

    Қызып тұрған табаға аз ғана сұйық майды құйып, нан тілімдерін екі жақ беті қызарғанша қыздырып аламыз.

    6. Зәйтүнді ұсақтап тураймыз

    Зәйтүнді ұсақтап тураймыз. Скриншот
    Зәйтүнді ұсақтап тураймыз. Скриншот: YouTube/ СУПЕР КЕЛІН ДИАНА

    Қара, жасыл зәйтүнді ұсақтап турап аламыз. Сосын қуырылған нанға алдымен қоспаны, сосын бетіне зәйтүнді салсаңыз болады. Осылайша, дәмді әрі пайдалы таңғы ас дайын болып шығады.

    Дәмді әрі нәрлі: Диана Есенбековадан ерекше таңғы ас рецебі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.