jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

    Сүттің орнына су: Нұрзина Серікбаевадан құймақ пісірудің ерекше рецебі

    Дайын болған құймақтар. Скриншот
    Дайын болған құймақтар. Скриншот: YouTube/Nurzina Serikbayeva

    Құймақты қыз-келіншектер әдетте сүтпен даярлап жатады. Ал дәмі тіл үйіретін десертті сумен қалай даярлауға болады? Бүгінгі рецепттен білетін боласыздар.

    КЛЮЧЕВЫЕ МОМЕНТЫ
    Данный текст создан автоматически при помощи ИИ и не проходил проверку редактора, поэтому может содержать фактологические или грамматические ошибки. Подробности в публикации
    • Нұрзина Серікбаева құймақты сүттің орнына сумен дайындаудың ерекше рецептін ұсынады.
    • Рецептте құрғақ сүт, жұмыртқа, қант, тұз, сода, алма сірке суы, өсімдік майы және ұн қолданылады.
    • Құймақты дайындау процесі бес қадамнан тұрады: ингредиенттерді араластыру, сұйық қоспа дайындау, ұн қосу, май қосу және табада пісіру.

    Халық арасында құймақ дайындаудың түрлі рецебі бар. Алайда оны қара сумен де даярлауға болатынын көпшілік біле бермейді. Фудблогер Нұрзина Серікбаева сумен құймақ әзірлеудің ерекше рецебімен бөліседі.

    Сипаттамасы

    Асхана: славян елдері

    Санаты: десерт

    Дайындалу уақыты: 30 минут

    Дайын болу уақыты: 5 минут

    Құрамы

    Қайнаған су - 1 л

    Құрғақ сүт - 120 г

    Жұмыртқа - 3 дана

    Қант - 3 ас қасық

    Тұз - 0,5 лай қасық

    Сода - 0,5 шай қасық

    Алма сірке суы - 0,5 шай қасық

    Өсімдіа майы - 3 ас қасық

    Ұн - 350-370 г

    Дайындалуы

    1. Жұмыртқа мен қантты араластырамыз

    Жұмыртқа мен қантты араластырамыз. Скриншот
    Жұмыртқа мен қантты араластырамыз. Скриншот: YouTube/Nurzina Serikbayeva

    Шұңғыл ыдысқа үш жұмыртқаны жарып, үстінен қант себеміз. Жарты шай қасық тұз қосамыз. Сосын жарты шай қасық ас содасын сірке сумен көпіртіп, жұмыртқа мен қантқа қосамыз. Барлығын жақсылап араластырамыз.

    2. Құрғақ сүт пен қайнаған суды араластырамыз

    Құрғақ сүт пен қайнаған суды араластырамыз. Скриншот
    Құрғақ сүт пен қайнаған суды араластырамыз. Скриншот: YouTube/Nurzina Serikbayeva

    Құрғақ сүтке 1 л қайнаған суды қосып, екеуін венчикпен жақсылап араластырамыз. Қоспаны жұмыртқа массасына қосып, тез араластырамыз. Себебі жұмыртқа арасында қоюланып кетуі мүмкін.

    3. Ұн қосамыз

    Ұн қосамыз. Скриншот
    Ұн қосамыз. Скриншот: YouTube/Nurzina Serikbayeva

    Сұйық массаға електен өткен ұнды қосамыз. Барлығын венчикпен жақсылап араластырамыз. Егер массаның арасында ұн қалмау және жұмысты жеңілдету үшін араластыруға миксерді пайдалансаңыздар болады.

    4. Сұйық май қосамыз

    Сұйық май қосамыз. Скриншот
    Сұйық май қосамыз. Скриншот: YouTube/Nurzina Serikbayeva

    Құймақтың қамырына соңында сұйық май қосамыз. Бәрін жақсылап араластырамыз. Егер сұйық сүт қосқыңыз келмесе, онда 500 г сүт пен 500 г қайнаған су қоссаңыздар болады.

    5. Құймақты табада пісіреміз

    Құймақты табада пісіреміз. Скриншот
    Құймақты табада пісіреміз. Скриншот: YouTube/Nurzina Serikbayeva

    Табаны алдымен қыздырып аламыз. Сосын үстінен өсімдік майын жағамыз. Дайын болған табаға құймақтың сұйық массасын құйып, екі жақ беті сарғайғанша пісіріп аламыз. Құймақ кестелі болып пісуі үшін, сапалы таба қажет. Сонымен бірге сірке суын көпірткен дұрыс. Құймақты өзін немесе арасына салмасын салып, дастарханға ұсынсаңыз болады.

    Сүттің орнына су: Нұрзина Серікбаевадан құймақ пісірудің ерекше рецебі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.