jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

    Анаргүл Құдайбергенова ұсынған екі-ақ түрлі көкөністен жасалатын ең жеңіл салат

    Туралған орапжапырақ. Көрнекі сурет
    Туралған орапжапырақ. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Үй жағдайында бар жоғы екі көкөністен жасалатын ең жеңіл салатты қалай әзірлеуге болады? Бүгінгі рецепттен білетін боласыздар.

    КЛЮЧЕВЫЕ МОМЕНТЫ
    Данный текст создан автоматически при помощи ИИ и не проходил проверку редактора, поэтому может содержать фактологические или грамматические ошибки. Подробности в публикации
    • Анаргүл Құдайбергенова екі көкөністен жасалатын оңай салат рецептін ұсынады.
    • Салат құрамында орамжапырақ, қызылша, сарымсақ және дәмдеуіштер бар.
    • Дайындау процесі қарапайым: көкөністерді турап, банкаға салып, қайнаған суға тұз, қант және сірке суын қосып құяды.

    Күз мезгілінде иммунитетті көтеретін пайдалы әрі құнарлы салаттарды әзірлеген абзал. Танымал фудблогер Анаргүл Құдайбергенова бар-жоғы екі көкөністен тұратын, жасалу жолы оңай салатты назарларыңызға ұсынады.

    Сипаттамасы

    Асхана: славян

    Санаты: тіскебасар

    Дайындалу уақыты: 10 минут

    Дайын болу уақыты: 5 минут

    Құрамы

    Орамжапарық - 0,5 дана

    Сарымсақ - 4 тісше

    Қызылша (шикі) - 1 дана

    Қара бұрыш - дәміне қарай

    Су -1 л

    Қант - 2 ас қасық

    Тұз - 1 ас қасық

    Сірке суы - 1 шай қасық

    Дайындалуы

    1. Орамжапырақты тураймыз

    Орамжапырақты ірілеу етіп тураймыз. Көрнекі сурет
    Орамжапырақты ірілеу етіп тураймыз. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Орамжапырақты ірілеу етіп турап, ыдысқа саламыз.

    2. Қызылшаны үккіштен өткіземіз

    Қызылшаны үккіштен өткіземіз. Скриншот
    Қызылшаны үккіштен өткіземіз. Скриншот: pixabay.com

    Шикі қызылшаның қабығын аршып аламыз. Сосын ірілеу үккіштен өткізіп, салатқа дайындап қоямыз. Сарымсақты да қабығынан аршып, ірілеу етіп тураймыз.

    3. Банкаға көкөністерді саламыз

    Көкөністерді банкаға саламыз. Көрнекі сурет
    Көкөністерді банкаға саламыз. Көрнекі сурет: pixabay.com

    2 литрлік банкаға алдымен сарымсақты саламыз. Сосын дөңгелек қара бұрышты саламыз. Одан кейін туралған орамжапырақ пен қызылшаны кезекпен саламыз.

    4. Салаттың суын дайындаймыз

    Салаттың суын дайындаймыз. Көрнекі сурет
    Салаттың суын дайындаймыз. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Отқа кастрюльге су құйып, қайнатамыз. Оған бір ас қасық тұз, қант пен бір шай қасық сірке суын қосып, жақсылап араластырамыз. Су қайнаған соң, оны банкаға құямыз. Бетін жауып, салқын жерге бір тәулікке қоямыз. Салат қытырлақ әрі дәмді болып шығады.

    Анаргүл Құдайбергенова ұсынған екі-ақ түрлі көкөністен жасалатын ең жеңіл салат

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.