Тісті қалай ағартуға болады?
Жарияланған күні:
"Тістері маржандай" деген сөз тіркесін бәріміз білеміз. Бірақ, бәріміз соған сәйкес келмейміз. Темекі, кофе, шай - бұлардың барлығы тісті сарғайтатын факторлардың бір бөлігі ғана деп жазады comode.kz.
Күнделікті жейтін тағамның да ішіндегі қоспалар тістің сарғаюына әкеледі. Одан қалай құтылуға болады?
Тіс ағартатын арнайы құрылғылар
Тіс қабы
Тіс қаптарын (боксшылар тістерін қорғау мақсатымен киетіні секілді) арнайы тіс емханаларында жасатуға немесе дәріханалардан дайынын сатып алуға болады. Алайда, дайын түрлері тісіңізге дәл келмеуі мүмкін. Сол себептен, дұрыс ағартпайды.
Қап сутек тотығы және карбамид тотығы ерітінділерімен толтырылған. Оларды бірнеше сағат бойы тағып жүру керек. Егер күндіз тіс қабымен жүрген ыңғайсыз болса, түнде ұйқыға кетерде тағып, таңертең шешсе де болады.
Алғашқы нәтиже 2 аптадан кейін байқалу керек. Темекі шегетін адамдарда ол одан кеш байқалады. Есесіне, нәтиже ұзақ уақыт бойы сақталады.
Бұл әдістің жағымсыз жағы да бар: тіс эмалінің бұзылуы, тиіс жиегінің қозуы, тістің ыстық және суық температураға әсер етуі. Сондықтан, тіс қаптарын тіс дәрігерінің кеңесімен таңдаған жөн.
Жабыстырмалы сызықшалар
Тіске жабыстыралатын арнайы сызықшалар тіс ағартудың тиімді альтернативасы болып табылады. Бірақ, бұның да өз минустары бар: тіс ағарғанымен, тістің арасындағы тетіктерге сызықшалар әсер етпейді. Сол себептен, тістің орталары сары болып қалу қаупі бар.
Гель
Тіс ағартуда ең оңай тәсел - арнайы ағартатын гель. Гельді щетканың көмегімен тіске жағып, өзідігінен еріп кетпегенше күту керек. Алғашқы нәтижелер 2 аптаның ішінде білінуі керек.
Стиктер
Тіс ағартушы стиктер ерін далабына ұқсайды. Бірақ, іші арнайы ағартатын гельге толы. Бұл гельді тіске арнайы щетканың көмегімен жағып, бес минуттан кейін сумен шайып тастау керек.
Кофе, темекі, шараптың ізін бірден кетіреді. Бірақ, әдетте, тісті толығымен ағарту стиктердің қолынан келмейді.
Тіс пасталары
Жарнамаға сеніп, кез-келген тіс ағартатын пастаны алып жүрмеңіз. Олардың басым бөлігінің құрамында амброзивті қоспалар бар болғандықтан, бұндай пасталар тіс эмалін зақымдайды.
Сондықтан, құрамында арнайы химиялық қоспалары бар тіс пасталарын таңдау керек. Бірақ, бұл пасталарды ұзақ уақыт бойы қолдануға болмайды. Сол себептен, жай тіс пасталарымен алмастырып отырған жөн.
Үй жағдайында тіс ағарту
Ағаш шайыры
Ағаш шайырының құрамына калий гидроксидінің қоспасы кіреді. Сол қоспа сарғайған тісті ағартуға көмектеседі. Ағаш шайырын бөлек немесе тіс пастасына қосып пайдаланса да болады. Бірақ, бұл тәсіл де тіс эмаліне жағымсыз әсер етеді.
Құлпынай
Табиғи құрамдас бөліктерінің арқасында құлпынай тіс эмаліндегі күңгірт дақтарды кетіре алады. Құлпынайдан езбе жасап, тіске жағып, бірнеше минуттан кейін шайып тастаңыз.
Ас содасы мен сутек тотығы
Бұл тәсілді адамдардың барлығы дерлік жақсы біледі. Бірақ, ас содасы амброзив болғандықтан, тістің эмалін бұзады. Сондақтан, тіс ағартудың бұл тәсіліне аптасына бір реттен артық жүгінбегеніңіз дұрыс.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1086663-tisti-qalay-aghartugha-bolady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.