RU

Ғалымдар толық адамдар арықтарға қарағанда ұзақ жасайтынын дәлелдеді

Бүгінде арық болу – сұлулықтың бір сыры ретінде бағаланады. Ал шын мәнінде, семіз болғаннан гөрі арық болған денсаулыққа қауіптілеу екен. Мұндай қорытындыны норвег ғалымдары шығарып отыр деп жазады massaget.kz.

Норвег зерттеушілерінің ерекше ғылыми жобасы 10 жылдан аса уақытқа созылған. Зерттеу қорытындысы бойынша, семіз адамдар арық адамдарға қарағанда көбірек өмір сүретіні анықталып отыр.

"Зерттеушілер арық адамдардың етжеңді адамдарға қарағанда бірнеше жыл аз өмір сүретінін дәлелдеп отыр", - деп жазады «MIGnews.com» электронды журналы. Сондай-ақ, зерттеушілер сұлулық үшін арықтаудың дұрыс емес екенін алға тартады.

"Тым арық болу да, тым семіз болу да – денсаулыққа қауіпті. Семіздік – қант диабеті, гипертония, атеросклероз, буын ауруларына шалдықтырса, арық болудан адам денсаулығы лезде сыр беруі мүмкін. Көбіне арық адамдар жүрек-қан тамырлары ауруына шалдығады", - дейді зерттеушілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1097672-ghalymdar-tolyq-adamdar-aryqtargha-qar/