Жүктілік кезінде темекі шегуге бола ма?

Опубликовано:

Жүктілік кезінде темекі шегу – анасынан гөрі, іштегі сәбиге екі есе зардап тигізетіні анық. Никотин жолдас арқылы өте оңай және тез енеді деп жазады anabol.kz.

Бұл заттың темекі тартқан әйелдің қан құрамынан гөрі ұрықтың тканьдерінде шоғырлануы жоғары. Темекі шеккен кезде тек никотин ғана емес, сонымен қатар, аса қауіпті 2500 химиялық заттар: тұншықтырғыш газ, бензопирен және радиоактивті изотоптар (аздаған мөлшерде болса да) ұрыққа зиянын тигізеді. Ал басқа улы заттар (мыс, тиоциант) ағзада темекі түтінінің «өңделуі» нәтижесінде пайда болады. Мұның бәрі сәбидің дамуына айтарлықтай әсер етеді.

Әйел темекісін шегіп болған соң, жолдастың қан тамырларының жиырылуы басталады да, ұрық бірнеше минут жеңіл түрдегі оттегі жетіспеушілігі (кислородное голодание) жағдайында болады. Анасы жүктілік кезінде үнемі темекі шегетін болса, ұрық созылмалы оттегі жетіспеушілігімен ауырады. Сондықтан ұрықтың жатыр ішінде дамуы тежеліп қалады.

Темекі шегетін аналардың сәбилері туылғанда көбіне салмағы аз, жатырдан тыс өмірге бейімделуі қиын, денсаулығы нашар болып келеді.

Шамамен, 25% әйел жүктілік кезінде темекі шегуді жалғастырады. Жүктілік кезінде темекі шеккен әйелдердің балалары 16 жасына қарай қант диабеті немесе семіздік ауруына шалдығады.

Темекі шегетін анадан туылған ұл балалардың жұмыртқасы кіші мөлшерде болады да, темекі шекпейтін аналардың балаларына қарағанда, сперматозоид концентрациясы орташа есеппен 20% -ке төмен. Жүктілік кезінде темекі шеккен аналардың балалары да темекі шегуге бейім болып келеді.

Бірақ қауіп тек анасының темекісінде ғана емес, басқа бір адамның шеккен темекісінің иісімен ауа арқылы демалған да ана мен болашақ сәбиге зиянды да қауіпті.

Кейбір деректерге қарағанда, белсенді түрде темекі шегетін адам 20% улы темекі түтінімен дем алады, ал қалған 80% сол темекі тартқан адамның қасында тұрған адамға тиесілі екен. Өйткені, белсенді темекі шегетін адам канцерогендер мен мутагендерді фильтр арқылы дем алса, ал қасындағы адам еш алдын ала тазалықсыз дем алады екен. Сондықтан, жүктілік - тек әйелге ғана емес, оның жақындарына да темекі шегуден бас тартуға үлкен себептердің бірі. Сәбидің амандығы үшін болашақ анасы мен әкесінің, басқа да жақындарының міндетті түрде жасай алатын әрекеті - үйде темекі тартуды доғару.

Тағы да оқыңыздар:

АҚШ-тағы гей-парадта Қазақстанның туын ұстап шыққан бойжеткен анықталды (фото)

Танымал сазгер тойға 120 адамнан артық қонақ шақырмауды сұраған ОҚО прокурорын састырды

Мақпал Жүнісова аздап сыра ішіп тұратынын концертінде айтып қойды

Назарбаев: Ата-баба аруағына сыйынғанда тұрған еш әбестік жоқ

АҚШ-тағы гей-парадқа қатысқан қыз өзін "Бораттың жерлесімін" деп таныстырды (видео)

ОҚО-да 16 жылдан бері Мәдениет үйін паналап келген жесір әйел NUR.KZ-тегі мақаладан соң үйлі болды

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1174615-zhuktilik-kezinde-temeki-sheguge-bola-m/