Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бедеулік неден пайда болады?

Жарияланған күні:

"Бедеулік неден болады?" деген сұраққа Алматы қалалық №11 емхананың  дәрігер-гинекологы Бахыт Дүйсембаева anabol.kz сайтында жауап берді.

Кейбір ер мен әйел бала сүю үшін қолдан келгендерінің бәрін істесе де, нәтиже болмайды. Жүктілік басталмай қояды. Мұндай жағдайда не еркектің, не әйелдің бедеулік зардабына ұрынғаны анық. Көбіне мұндайда оларға ештеңе де көмектеспейтіні сөзсіз, әйтсе де кейбір себептерге байланысты жағдайдың оңғарылып кетуі де ғажап емес.

Бедеуліктің себептері:

Ұрықсыздық

Кейбір адамның ағзасы өмір бойы бала жасай алмайтындай болып қалыптасады, яғни мұндай жандар тумысынан ұрықсыз болып жаралады.

Әлсіздік немесе тамақтанудың жеткіліксіздігі

Кейбір әйелдерде қан аздық, тамақтың аздығы немесе ағзада иод қоспасының жеткіліксіздігі оны жүкті болып, бала көтеру мүмкіндігінен айырады. Осындай себептерге байланысты әйел өзінің жүкті болып қалғанын сезініп үлгергенше, түсік тастайды.

Бала көтере алмай жүрген және түсік тастауға бейім әйелдер дұрыс тамақтанып, иодталған тұзды күнделікті аста көбірек пайдаланғаны жөн, ал мүлдем қан аздық жағдайында (анемия), темір қоспалы дәрілер ішу керек. Бұл оның екіқабат болып, дені сау бала көтеруіне қолайлы жағдай туғызады.

Созылмалы инфекция

Бедеуліктің тағы бір себебі - созылмалы инфекция. Бұл, әсіресе, жамбастың қабынып ісінуіне қатысты болады да, әйелдің бала көтере алмауына әкеліп соқтырады. Ауру асқынып кете қоймаған жағдайда, оны емдеп жазуға болады.

Соз бен хламидия ауруының алдын-алу және оны кешеуілдетпей емдеп жазу - әйелдің ұрықсыздығын болдырмаудың бірден-бір кепілі.

Шәует (сперматозоидтің) көлемінің тиісті мөлшерден аз болуы

Ер адамдардың кейбір кезде әйелдерді ұрықтандыра алмайтын жағдайлары да кездеседі, мұның себебі олардың ағзасынан жасалып, жинақталып шығатын шәуеттің (сперматозоидтың) көлемі тиісті мөлшерден аз болады. Мұндай еркектер біраз уақыт бойына, әйелінің етеккір цикліндегі ұрықтануға қолайлы сәті түскенше, яғни жүкті болу мүмкіндігінің алғашқы және соңғы уақыты аралығындағы мезетке шейін жыныстық қатынас жасаудан өзін тежей тұруы қажет.

Еркек бедеулігінің себебі неде?

Еркектің ұрығы клетка­лар­дан тұ­рады. Олардың бір мили­литрінде 60 миллиондай ұрық бо­луы тиіс. Егер ұрықтар саны одан кем болса, он­дай ұрықтың бала жасауға шамасы келе бермейді. Жыныс клетка­ла­рының кемдігі, яғни оның болмауы (азооспермия) кейбір ұзын бойлы, қыл мойын, жас жігіттерде жиі кездеседі. Бұл секілді жағдай олар­дағы уақытша құбылыстың, бол­маса тұрақты бедеуліктің белгісі болуы мүмкін.

Кейбір адамдардың жыныстық  қа­ты­нас пен ішімдікке құмарлығы, де­недегі қоректік заттардың алма­суы­ның бұзылуы немесе сульфа­ми­д секілді дәрілерді дәрігердің ба­қы­лау­ынсыз өз бетімен ұзақ ішуі де ұрық­тың сапа­сын кемітеді, қасиетін жояды.

Тағы оқыңыз:

ОҚО-да "түнгі көбелектердің" қай аудандардан көп шығатыны анықталды

Ақтөбелік актриса бір түннің ішінде басқа ағымға қалай кіріп кеткенін айтты

Алматы облысында тасбауыр ананың баласын не үшін әжетханаға тастағаны белгілі болды

2 жасар інісін ертіп Астанадағы үйінен кетіп қалған қыз Алматыдан табылды

"Неміс машинасын" тоқтатқан Франция Еуропа чемпионатының финалына шықты

Сапарбаев: Қытайды емес, қазақты жұмыспен қамтуымыз керек

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1183360-bedeulik-neden-bolady/