Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

10 жылға бір - ақ жасарудың бес ережесі

Опубликовано:

Бетіңізге жағатын косметиканың бағасы емес, оны қалай қолданатыныңыз теріңізге маңыздырақ. Уақытылы жасалған күтім мен косметиканы дұрыс қолдану әжімдердің пайда болуының алдын алып, қартаю процессін баяулата алады. 10 жылға бірақ жасарудың "алтын" бес ережесін Анабол.кз сайты жариялады.

Теріні тазалау

Статистикалық деректерге сүйенсек, он арудың төртеуі бетіндегі макияжды тазаламай, ұйқыға жататын көрінеді. Ал бұл ерте қартаюға жасалған бір қадам. Сондықтан теріні тазалаудың маңызы мол. Сонымен, бет пен мойын терісін күнделікті екі уақыт тазалау керек. Таңертең артық майдан, ал кешке шаң-тозаң мен косметикадан тазарту.

Ол үшін терінің түріне қарай сай келетін косметика өнімдерін таңдаңыз. Майлы теріні көпіршік немесе гельмен, ал құрғақ теріні сүтті қоспамен (молочко) тазалаған жөн. Теріні тазартатын өнімді (гель, көпіршік немесе сүтті қоспа) бетке массажды қимылмен жағып, 20 секундтан кейін жуыңыз.

Сергіту

Теріні сергітіп, әрлендіру үшін тазалап болған соң тоник қолдану керек. Құрамында С дәрумені бар өнімді алыңыз. Ол теріні сергітіп қана қоймай, қорғайды да. Ал раушан суы теріні жасартатын қасиетке ие.

Нәрлендіру

Қартаюға қарсы қадамның бірі – сарысу қолдану. Өйткені оның құрамы крем мен гельдердің құрамынан әлдеқайда бай. Ал оның арнайы формуласының арқасында пайдалы заттар теріге тереңнен сіңеді. Сарысудың майлы және сулы негізде дайындалған екі түрі болады және оларды терінің түріне қарай нақты «мәселелер» бойынша қолданады. Сарысуды күніне екі рет қолданыңыз.

Көздің айналасына күтім жасау

Сарысу теріге сіңіп жатқанда көздің айналасындағы теріге күтім жасауды ұмытпаңыз. Қарапайым кремдер мен гельдер бұл аймаққа жағуға жарамайды. Қабақ пен көздің астындағы тері өте нәзік болғандықтан бетке жағатын кремдер бұл аймаққа тым ауыр тиеді. Соның салдарынан көздің асты мен қабақ ісіп тұрады.

Қабаққа арналған арнайы кремді жұқалап, саусақтың ұшымен соққылай отырып, жеңіл қимылмен жағу керек. Егер ұсақ әжімдерді байқасаңыз, жалғыз креммен шектелу аз болады. Сондықтан крем жағардан бұрын қабаққа арналған сарысу да жағыңыз.

Ылғалдандыру және нәрлендіру

Сарысудан кейін кремнің де кезегі келеді. Бет терісін ылғалдандырып, нәрлендіретін, жұмсартып, тегістейтін сапалы өнім қолданыңыз. Қартаюға қарсы кремнің құрамында никотин қышқылы, ретинол, гиалурог қышқылы, бағаналық жасуша, пептидті комплекс, тыныштандыратын майлар болуы керек.

Осынау қарапайым қадамдар – тері күтімінің басты ережелері. Бұларға қосымша аптасына 1-2 рет теріні скрабпен тазалап, түрлі маскалар жасап тұрыңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1184442-10-zhylgha-biraq-zhasarudynh-bes-erezhesi/

pixel