Қыздардың денсаулығына зиян келтіретін киім түрлері қандай?
Жарияланған күні:
Бүгінде қыз-келіншектер денеге жабысып тұратын киімдер мен көлемі үлкен әшекей бұйымдарды таққанды жақсы көреді. Бірақ, олардың да зияны бар екеніне мән бермей жатады. NUR.KZ порталы бүгін қыз-келіншектердің денсаулығына зиянын тигізетін киімдер топтамасын ұсынады.
Тырысып тұратын шалбар
Қатты жабысқан шалбарлар бүгінде сәнге айналған.
Бірақ, оны үнемі тастамайтын адамдардың қан айналымы нашарлап, варикоз және ас қорыту жүйелері ауруына ұшырауы мүмкін.
Тағы оқыңыздар: Солтүстіктегі әлемнің ең суық қаласында адамдардың өлуіне тыйым салынған (Фото)
Биік өкшелі аяқ киімдер
Буын ауруы, мүйізгек, табан ауруы мен остеоартроз аурулары биік өкшелі аяқ киім киетін қыздарда көп кездеседі.Сол себепті биік өкшелі аяқ киімдерді жиі және ұзақ уақыт кимеуге тырысыңыз.
Стринги
Сіз стрингиді жиі киетін жан болсаңыз, оның салдарынан да түрлі аурулар пайда болатынын білгеніңіз жөн. Мысалы, қынап инфекциясы, геморрой, тері тітіркенуі.
Ауыр сырғалар мен алқалар
Ауыр, көлемі тым үлкен сырға тек хирург көмегіен түзелетін құлақ сырғалығының зақымына әкеледі. Ауыр алқаларда мойын бөлігіндегі созылмалы дертке шалдықтырады.
Мойны тар киімдер
Өз киімі кесірінен түрлі ауруға әйелдер ғана ұшырамайды. Ерлердің 67% жағас өз мойындарынан кішкентай жейде алады. Мұндай жейдені киюдің соңы көз қысымы, бас ауруы және арқа мен мойынның тартып ауруына соқтырады.
Нашар таңдалған көкірекше
Көлемі дұрыс таңдалмаған немесе дұрыс тігілмеген кеудеше арқа мен иық ауруларынан бөлек, тері тітіркенуіне әкеледі.
Тағы оқыңыздар: "Науқастардың қалтасын қағуға" шақырған дәрігер шетелде қызмет етіп жүр
Вьетнамдық аяқ киім
Бұл аяқ киімдер аяқтың жара болуына әкеледі. Мұндай аяқ киімдердің табаны қатты келетіндіктен, түнде ұйықтайтын кезде аяқтарыңыз қатты қақсап ауруы мүмкін.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1524087-qyzdardynh-densaulyghyna-ziyanyn-tigiz/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.