Ғалымдар есте сақтау қабілетін жақсартудың жеңіл әдісін тапты
Опубликовано:
АҚШ-тағы Бригама Янг университетінің ғалымдары жүгіру мен есте сақтау қабілетінің байланысын анықтады деп хабарлайды Baq.kz агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Зерттеушілер тышқандарға эксперимент жасап көрген. Кеміргіштердің бір тобы жүгіру дөңгелектерін 4 апта бойы пайдаланған (орташа есеппен күніне 5 км), ал тышқандардың басқа тобы баяу қозғалыста өмір сүрген. Әр топтың жартысы күйзеліске ұшыраған, мысалы, көтеріңкі платформада жүру немесе суық суда жүзу сияқты.
Барлық кеміргіштің есте сақтау қабілетін бақылау үшін оларды лабиринтке салған. Физиқалық жүктемесі бар күйзелістегі тышқандар жүгірмеген тышқандарға қарағанда жақсы нәтиже көрсеткен. Мұндай жағдай күйзеліске ұшырамаған белсенді тышқандарда да анықталды.
Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1717825-galymdar-este-saktau-kabiletin-zaksartudy-zeil-disin-tapty/