Кивиді неліктен қабығымен бірге жеу керек екенін білесіз бе?
Жарияланған күні:
Денсаулыққа пайдасы орасан киви жемісінің қабығы да ағзаға өте қажет дәрумендерге толы екені анықталды. Бұл туралы lemurov.net сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.
1. Кивидің қабығында жасунық болады. Ол ас қорыту жүйесін жақсартып, қан айналымын реттейді. Сондай-ақ, ағзадағы зиянды холестеринның деңгейін азайтады.
2. С және Е дәрумендері бар. Оның адам денсаулығына орасан зор пайдасын барлығы біледі.
3. Фоли қышқылы өте көп мөлшерде бар. Бұл адамның сергек жүруіне әсер етіп, күш береді. Ол әсіресе, жүкті әйелдерге пайдалы көрінеді.
Айта кету керек, кивиді тым көп жеуге де болмайды. Тәулігіне 2-3 данасын жесеңіз де жетіп жатыр. Сондай-ақ бүйрегі шаншитын, асқазанында жара бар, гастритпен немесе басқа да ас қорыту жүйесі әлсіз адамдарға, аллергиясы бар жандарға киви жеуге болмайды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1734137-kividi-nelikten-kabygymen-birge-zeu-kerek-ekenin-bilesiz-be/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.