Жүрегі ауыратын адамды қалай жылдам анықтауға болады?
Жарияланған күні:
Адамдардың жүрегі ауыратынын қалай оңай аңғаруға болады? Күнделікті тірліктен қолы босамайтын адамдар, дәрігерге бармай-ақ төмендегі белгілер арқылы өзінің бойынан жүрек ақауын байқай алады. Егер осы айтылғандардың бірнешеуі өз бойыңыздан табылса, онда дәрігердің көмегіне жүгінгеніңіз абзал деп жазады adme.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Теріде дақтардың пайда болуы
Жамбас пен шынтақта, көз айналасында орналасқан түрлі дақтар жүрек ақауының алғашқы себептері. Себебі бұл ағзадағы холестериннің шамадан тыс екенін көрсетеді.
Ауыздағы жағымсыз иіс
Америкалық зерттеушілер ауыз қуысы мен жүректің арасында байланыс барын анықтады. Қызыл иекке түскен ақау жүректің дертті болуына әсер етпей қоймайды екен.
Кәмелет жасқа толса да, бетіне безеудің шықпауы
Жеткіншектердің бәрі ұната бермейтін, адам бойындағы сенімділікті жоғалтатын безеудің де пайдасы бар болып шықты. Ғалымдар бетіне безеу шығатын адамдардың жүрек ауруына шалдығуы сирек екенін анықтаған.
Шылдыр шүмектің балаң үйректен ұзын болуы
Шылдыр шүмегі сұқ саусағынан үлкен адамдардың жүрек ауруына ұшаруы жиі орын алады екен. Себебі саусақ ұзындығы адам бойындағы тестестерон гармонының түзілуіне тікелей қатысты екен.
Еріннің көгеруі
Суықтан тоңған адамның еріндері көгеруі мүмкін. Алайда сіздің ерніңіз себепсіз көгеретінін байқасаңыз, дәрігерге асығыңыз. Себебі, сіздің бойыңызда қанайналым жүйесі дұрыс жұмыс жасамауы мүмкін.
Тырнақтардың өзгеруі
Егер тырнақтарыңыздың көлемі өзгеріске түскенін байқасаңыз, арнайы мамандарға қаралыңыз. Себебі бұл өзгеріске қанайналым себеп болған - жүйесіндегі ауытқу.
Құлақтағы түктер
Құлақтағы жүндер мен қанайналымы арасында үлкен байланыс бар. Қанайналым жүйесі неғұрлым жылдам жүзеге асса, түктер де соғұрлым жиі шығатын көрінеді.
Шаштың түсуі
Адамның шашы себепсізден-себепсіз жиі түсіп, адам таз бола бастаса, дәрігердің көмегіне жедел бару керек. Себебі, таздану қант диабетінің белгісі немесе қанайналымның өзгеруінен болуы мүмкін.
Шаштың ағаруы
Егде тартпаса да шашы ағарып кеткен адамдар бұл өзгеріске мән бере бермейді. Бәрінің айтатыны "витамин жетіспегеннен ғой". Алайда бұл жаңсақ пікір болып шықты. Үнемі күйзелісте жүру мен гормондық өзгерістерден болған шаштың ағаруы жүрек дертімен тікелей байланысты болып шықты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1736973-zregi-auyratyn-adamdy-kalaj-zyldam-anyktauga-bolady/