Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Адам өмірін ұзартатын тағам түрі анықталды

Опубликовано:

Қытайлық ғалымдар 16 жыл бойы зерттеу жүргізіп, адам өмірін ұзартатын тағам түрін анықтады. Бұл туралы NUR.KZ порталы golbis.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Өмір. Көрнекі фото: vladtime.ru
Өмір. Көрнекі фото: vladtime.ru: UGC

Зерттеушілердің сөзіне сенсек, балықты жиі тұтынатындардың денсаулығы әлдеқайда мықтырақ болып, өмір жасы ұзарады екен.

Ғалымдар мұндай тоқтамға 240 мың ер адам мен 180 мың әйелге 16 жыл бойы зерттеу жүргізу барысында келген.

Белгілі болғандай, балық еті қатерлі дерттерге душар болудың алдын алады. Бұл орайда, зерттеушілер балықты қуырғаннан гөрі, буға пісірген пайдалырақ екенін алға тартты.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1743676-adam-mirin-zartatyn-tagam-tri-anyktaldy/