Ғалымдар күйзелістен құтылуға көмектесетін тағам түрлерін анықтады
Опубликовано:
Америкалық Массачусетс Лоуэлл университеті ғалымдары күйзелістен құтылуға көмектесетін тағам түрлерін анықтады деп хабарлайды russian.rt.com сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Зерттеу жұмысы ата-аналар мен балалардың арасында өткен. Нәтижесінде, құрамында омега-3 май қышқылы бар тағам өнімдерін жеген балалар өздерін әлдеқайда көңілді ұстапты. Олар ашуға берілмей, барлығына байыппен қараған көрінеді.
Мамандардың айтуынша, омега-3 қышқылы адамдарға тыныштандыру әсерін де беріп, мидың жұмысын да жақсартады.
Ал құрамында омега-3 май қышқылы бар тағамдар қатарына теңіз өнімдерін жатқызуға болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1744868-galymdar-kjzelisten-ktyluga-kmektesetin-tagam-trlerin-anyktady/