Азық-түліктің қай түрі адамдардың көңіл-күйін жақсартады?
Опубликовано:
Америка ғалымдары адамның көңіл-күйін жақсартатын азық-түлік түрлерін анықтады деп жазады belnovosti.by-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Америкалық ғалымдардың пайымдауынша, азық-түлік адамның көңіл-күйіне тікелей әсер етеді екен. Мысалы, майлы тағамдардың дәмін татқан соң, адамдардың ұйқысы келіп, көңіл-күйі түсіп кетуі мүмкін екен. Кейбір адамдар тіпті майлы тағам жеген соң, ашушаң адамға айналуы мүмкін екен.
Ал, жеміс-жидектер мен көкөністер керісінше адамға көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды екен. Мысалы, күн сайын 0,8 кг жеміс-жидек жеген адамдар, көп жағдайда сергек әрі тың жүреді екен. Сол сияқты уақтылы тамақтанатын адамдардың да төзімді болатыны анықталған.
Тәжірибеге қатысқан адамдар күн сайын өздерінің көңіл-күйін күнделіктеріне жазып отырған екен. Жалпы зерттеуге 405 адам қатысқан. Ғалымдар нәтижесінде жеміс-жидек, көкөністі көп тұтынатын жандардың көңіл-күйлері көтеріңкі, серген жүреді деген қорытындыға келген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1755376-azyk-tlikti-kaj-tri-adamdardy-kil-kjin-zaksartady/