Кальян шегу темекіден 30 есе зиян болып шықты
Опубликовано:
Кальян шегу темек тартудан 30 есе зиян болып шықты. Бұл туралы ақпарат Орталық кoммуникациялaр қызметінің баспасөз конференциясында айтылды деп хабарлайды NUR.KZ.

Аталған жиында бүгінде онкологиялық сырқаттарды емдеуге жылына 36 млрд теңге бөлінетіні туралы сөз болды.
Сондай-ақ, онда кальян мен темекінің денcаулыққа тигізетін әсері туралы да айтылды.
Еліміздің бас онкологы Диляра Қайдарова кальянның зияны әлдеқайда көп екенін атап өтті.
"Темекі шегу - өкпе рагының туындауына себеп болады. Кальян тартатын жастарға айтарым - ол темекі шегуден 30 есе зиян", - деді ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1758126-kalan-segu-temekiden-30-ese-zian-bolyp-sykty/