Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бірден жуынбау керек": Дәрігер тезірек жүкті болу үшін не істеу керектігін айтты

Опубликовано:

Көрнекі сурет
Көрнекі сурет: wday.ru

Жаңадан үйленген жас жұбайлар тезірек балалы болуды бірінші орынға қояды. Себебі, жас отбасының әрі қарайғы өсіп, дамуына сәбидің үлкен әсер ететіні анық. Осы орайда, бірден балалы бола алмай, жүктілік кезеңге жете алмай жүретіндер де көп. Дәрігер, уролог-андролог Олжас Иманғалиұлы жаңадан үйленгендерге ақыл-кеңесін айтып, тезірек жүкті болу үшін не істеу керектігін мәлімдеді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

«Әрине, үйленгеннен кейін ерлі-зайыптылар тезірек бала сүйгісі келеді. Бірақ көптеген жағдайда жүкті болу, сәби көтеру секілді процестер ұзаққа созылып кетеді. Маған тезірек жүкті болу үшін не істейміз деп сұрақ қоятындардың санында шек жоқ. Сол себепті, жас жұбайлар білуі тиіс бірнеше жайттарды атап өткім келеді.

Егер үйленген соң жүкті болу процесі кешеуілдеп жатса, ең алдымен ер адамның ұрық сапасын тексеру қажет. Ер адам спермограммасын тапсырып, оның сапасын, құрамын анықтап, кемшіліктер болса, соны емдеуге тырысамыз. Егер ұрықтың проценті, сапасы жақсы болса, тезірек бала көтеру мүмкіндігі де жоғарылайды.

Екіншіден, овуляцияны дұрыс есептеу керек. Аналық бездің бөлініп шығатын уақыты туралы ерлер де, әйелдер де білуі тиіс деп санаймын. Бұл көп жағдайда етеккір циклі аяқталған соң, 14 күннен кейін болатын процесс. Осы кезде ерлі-зайыптылар жақындасса, бала көтеру мүмкіндігі артады.

Үшіншіден, жыныстық қатынасқа түскен әйел адамның бірден жуынып тастағаны дұрыс емес. Бұл кезде қажетті микрофлоралар жуылып кетеді де, бала көтеру мүмкіндігі төмендейді. Сондай-ақ, түрлі интимдік гельдер мен сабынсуларды қолдануға да кеңес бермеймін. Бұлар да миркофлораны бұзатын нәрселер. Оның үстіне, интимдік гельдер мен жақпамайлар ұрықтың белсенділігін түсіріп жібереді.

Кейбір әйелдерде жатыр мойнының қисаюы көп кездеседі. Бұл бала көтеруге басты кедергілердің бірі. Егер мұндай проблемаңыз болса, жыныстық қатынастан соң түрлі жаттығулар жасаңыз. Көпшілігі «березка» жаттығуын жақсы біледі деп ойлаймын.

Егер сіздің денсаулығыңызда айтарлықтай кінәрат болмаса, осы кеңестерге құлақ түріп күріңіз. Әрине, ең алдымен құдайдан тілеңіз, ата-ана болуға дайынсыз ба, соны да ескеріңіз», - дейді дәрігер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1922846-birden-zuynbau-kerek-dariger-tezirek-zukti-bolu-usin-ne-isteu-kerektigin-aitty/