RU

"Төсек қатынасы неше минутқа созылуы керек": Дәрігер ерлердің басты проблемасына жауап берді

Көрнекі сурет
Көрнекі сурет: komotoz.ru

Төсек қатынасы қанша минутқа созылуы керек? Жыныстық қатынас кезінде қандай патологиялар орын алуы мүмкін? Бұл сұрақтарға белгілі уролог-андролог Олжас Иманғалиұлы жауап берді.

«Әлеуметтік желі арқылы көп кеңес беретіндіктен, менен жыныстық қатынастың уақытына қатысты сұрақ қоюшылар көп. Бүгін сол сұрақтарға қысқаша тоқталып өткім келеді.

Жыныстық қатынастың уақыты көп нәрсеге байланысты болатынын ескерткім келеді. Кейде адамның мінез-құлқына орай қалыпты немесе патология болуы мүмкін.

Егер жыныстық қатынас 1 және 2 минуттың аралығында болса, бұл ұрықтың ерте келіп қоюы болып саналады. Яғни, 1-2 минут ер адамдардың жыныстық қатынасты тез бітіретін санатына жатады. Бұл қалыпты емес.

Ал төсек қатынасы кезіндегі қалыпты уақыт – 3 және 7 минут аралығы. 7 және 14 минут аралығына созылатын жыныстық қатынасты да оптимальды деп есептеуге болады.

Ал кейбір жыныстық қатынас уақыты 14-30 минут аралығына созылуы мүмкін. Бұл төсек қатынасындағы максималды уақыт. Мұндай сирек кездеседі. Ал бір-екі сағатқа дейін төсек қатынасына түсетіндер бар, әрине, бұл патология. Қанның ұйып қалуы көп кездеседі мұндайда. Сол себепті, көптеген дерттің алдын алу керек болады.

Жалпы алғанда, жыныстық қатынас үшін қатып қалған қағида жоқ. Әр адамда әртүрлі өрбуі мүмкін. Егер ұрықты ұстай алмай, тым ерте аяқтайтын болса немесе жыныстық қатынас уақыты тым ұзаққа созылатын болса, бұл проблемалардың алдын алу керек. Дәрігерге қаралып, салауатты өмір салтын ұстану керек», - дейді дәрігер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1924123-tosek-qatynasy-nese-minutqa-sozyluy-kerek-dariger-erlerdin-basty-problemasyna-zauap-berdi/