Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістандық дәрігерлер жүкті әйелдің ішінен бір уыс құрт алып шықты

Жарияланған күні:

Жүкті
Көрнекі фото: pixabay.com

Түркістандық дәрігерлер жүкті әйелдің бауырынан бір уыс құрт алып шықты. Науқастың бойындағы паразитті алып шығу үшін медицина саласының қызметкерлері екі ота жасаған, деп хабарлайды Отырар арнасы.

19 жастағы келіншек жүктіліктің 37 аптасында оң жақ қабырғасы қатты ауырып, дәрігерлердің көмегіне жүгінген.

Тексеру кезінде медицина мамандары оның бауырынан 15 см және 10 см болатын эхинококк кистасын анықтапты.

Дәрігерлер бауырына құрт түсіп жағдайы ауырлаған әйел мен оның баласын аман алып қалу үшін алдымен кесер тілігімен босандырған. Кейін хирургиялық жолмен науқастың ішінен екі үлкен құртты алып шықты.

"Ана мен баланың қазіргі жағдайы жақсы. Науқас хирургия бөлімінде ем алуда. Отадан кейін асқынулар болмады", - дейді Түркістан облыстық клиникалық аурухана бас дәрігердің хирургиялық қызмет жөніндегі орынбасары Мақсұт Аймағамбетов.

Науқастың жағдайына алаңдаған туыстары 19 жастағы келіншектің хал жағдайын білу үшін күніге ауруханаға келіп жүр. Анасы мен баласын ажалдан арашалап қалған ақ халаттыларға олардың алғысы шексіз.

Айта кетейік, бір мезетте екі ота жасалған науқас қазір облыстық клиникалық ауруханада ем алуда. Сәбиінің де жағдайы жақсы, дейді мамандар. Анасы толық емделгенше нәресте перинатальды орталықтағы дәрігерлердің бақылауына болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1952751-turkistandyq-darigerler-zukti-aieldin-isinen-bir-uys-qurt-alyp-syqty/